BCC Invest жаңа Wardat al Hayat инвестициялық пай қорын іске қосты

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/67b/ff1/0ac/67bff10ac65fd056673793.png

27.02.2025

«BCC Invest» АҚ Қазақстандағы тұңғыш исламдық Wardat al Hayat интервалдық инвестициялық пай қорын іске қосты.

 

BCC Invest инвестициялық компаниясы исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес жаңа интервалдық инвестициялық пай қорын іске қосты.

 

Wardat al Hayat қорының (бұдан әрі – Қор) инвестициялық саясаты Қордың портфеліне сукук (исламдық бағалы қағаздар) және Шариғат ережелеріне сәйкес келетін биржалық құралдарды сатып алуға негізделген.


Қор пайының құны АҚШ долларымен көрсетілген, бір пайдың номиналды құны – 100 АҚШ доллары.


Қордың болжамды кірістілігі – АҚШ долларымен жылдық 4%.


Қор Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде тіркелген (ISIN KZPF00000900), сондай-ақ АҚШ-та, Ұлыбритания мен Қазақстанда жұмыс тәжірибесі бар құзыретті шариғаттық кеңесшілердің берген Шариғатқа сәйкестік сертификаты бар.


Қордың жанынан исламдық қаржы жөніндегі сарапшылардан тұратын Шариғат байқау кеңесі құрылған, ол инвестициялаған кезде Қордың Шариғат заңдарын сақтауын қадағалайды.


Қордың ережелерінде жыл қорытындысы бойынша Қор кірісінің 1%-ын (бар болса) қайырымдылық мақсатқа төлеу көзделген.


Қор туралы ақпаратпен «BCC Invest» АҚ сайтында: https://www.bcc-invest.kz/l/wardat-al-hayat толығырақ танысуға болады.