2023 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 42,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,9 млрд теңгеге ұлғайды. Компанияның жалпы кірісі 251,9 млрд құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16% өсуді көрсетті.
Оң нәтижелер дивидендтік саясатқа да әсер етті. Таза кірістің жоғарылауына байланысты KEGOC 2 жартыжылдықта дивидендтер бойынша төлемдерді көбейтуі мүмкін. Егер бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20,2 млрд теңге төленген болса, онда 2 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша дивидендтер кемінде 25,6 млрд теңгені құрауы мүмкін.
Компания жаңа жобаларды енгізуді және қолданыстағы желілерді жаңғыртуды жалғастыруда. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің батысындағы желілерді күшейту және жаңарту жобасы аяқталды. Бұл жоба осы желілердің қызмет ету мерзімін 30 жылдан астам уақытқа ұзартты. Қазір KEGOC Оңтүстік аймақты нығайту жобасын іске асыра бастады.
Біз 1 795,9 теңге нысаналы бағамен «сатып алу» ұсынымын сақтаймыз. Пайда бойынша күтілгеннен жоғары нәтижелер алғаннан кейін біз "KEGOC"АҚ акциялары бойынша ұзақ мерзімді нысаналы көрсеткішті қайта қарап, арттыра аламыз.