BCC Euro ИПҚ

Қазақстандағы еуромен алғашқы пай
2028қорына инвестиция салыңыз

«BCC Euro» ИПҚ дегеніміз не?

Қазақстан Республикасындағы еуромен алғашқы қор

Еуропаның борыштық нарығына және ең ірі еуропалық компаниялардың акцияларынаинвестиция салатын пай қоры

Біз BCC Euro қорын бір ғана валютаның шеңберімен шектелмей, кеңірек ойлайтын жандар үшін арнайы жасадық. Бұл құрал сізге өте ыңғайлы, егер:

  • Сіз жинақтарыңызды еурода сақтасаңыз. Депозиттеріңіз бұдан да тиімді жұмыс істей алады. Валютаны жай ғана шотта ұстамай, нақты кіріс әкелетін құралға айналдырыңыз.

  • Балаларыңыз Еуропада оқыса. СШетелде оқу мен  тұру шығынын өтеу үшін қажетті валютада сенімді капитал жасақтаңыз.

  • Сіз жиі саяхаттасаңыз немесе екі елге өмір сүрсеңіз. Саяхат, шопинг немесе Еуропада өмір сүру еуродағы тұрақты қаражат ағынын талап етеді.

  • ЕО елдерінде жылжымайтын мүлкіңіз бар. Салық пен коммуналдық шығынды бейінді активтен түскен кірістің есебінен төлеңіз.

  • Қордың стратегиясы – инвестицияның 80%-ы кірістілігі тіркелген құралдарға (облигациялар), ал 15-20%-ы еуропалық «көгілдір фишкалар» саналатын акцияларға салымдар
    Қордың стратегиясы – инвестицияның 80%-ы кірістілігі тіркелген құралдарға (облигациялар), ал 15-20%-ы еуропалық «көгілдір фишкалар» саналатын акцияларға салымдар
  • Құралдардың рейтингі: BBB- және одан жоғары – портфельдің 100%-ы
    Құралдардың рейтингі: BBB- және одан жоғары – портфельдің 100%-ы
  • Пайдың номиналды құны – бар-жоғы 1 €
    Пайдың номиналды құны – бар-жоғы 1 €
  • Қор ҚНРДА-да ресми тіркелген
    Қор ҚНРДА-да ресми тіркелген

Қордың құрамы

«BCC Euro» ИИПҚ-ның инвестициялық стратегиясы капиталды барынша қорғауға және кірістің болжамдылығына негізделген
  • Ірі экономикалардың бірі: Біз ғаламшардағы ең қуатты экономикалық блоктардың бірі – Еуроодақ елдерінің борыштық міндеттемелерін инвестициялаймыз.

  • Жоғары сенімділік рейтингі: Қордың негізгі активі – Батыс Еуропа елдерінің мемлекеттік облигациялары. Бұл – мінсіз кредиттік тарихы және ең жоғары сенімділік рейтингі бар қарыз алушылар.

  • Тұрлаулы валюта: Еуро әлемдегі ең тұрақты әрі сұранысқа ие валюталарының бірі болып қала береді, бұл капиталыңызды жергілікті валюталық ауытқудан қорғайды.

  • «Еуроаймақ елдерінің облигацияларын сатып алу – тыныштық пен тұрақтылықты бағалайтын консервативтік көзқарастағы инвестор үшін орынды таңдау»

Қор параметрлері

  • 1 €

    Пайдың номиналды құны

  • EUR

    Валютасы

  • BCC Invest

    Басқарушы компания

  • Күнделікті жұмыс күндері

    Күнделікті жұмыс күндері пай сатып алу және өтеу мүмкіндігі

  • Инвесторлар

    Қор жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да ашық

  • Қазақстан қор биржасы (KASE)

    Листинг

BCC Invest компаниясы туралы

BCC Invest — Қазақстан Республикасындағы көшбасшы инвестициялық компаниялардың бірі, ЦентрКредит Банкінің еншілес ұйымы. 1998 жылдан бері бағалы қағаздар нарығында өз қызметін жүзеге асырады.
  • 27 жыл

    Активтерді басқару тәжірибесі

  • Ba2

    Moody’s берген ұзақмерзімді корпоративтік рейтинг, болжам – «Тұрақты»

  • 145 млрд ₸ астам

    01.12.2025 жылғы жағдай бойынша актив мөлшері бойынша үздік инвестициялық компаниялардың ТОП-2 қатарында

  • 48 млрд ₸ астам

    01.11.2025 жылғы жағдай бойынша инвестициялық пай қорларындағы басқарудағы активтер

  • 48,67%

    01.12.2025 ж. деректері бойынша ИПҚ-дағы басқарудағы активтер бойынша нарықтың үлесі

  • 11,57 млрд ₸

    01.12.2025 жылғы жағдай бойынша Компанияның таза пайдасы

Марапаттар мен лицензиялар

    • 2025 - GBM - Deal of the Year
    • 2025 - AIX - Operational Excellence Award
    • 2025 - AIX - Best Investment Banking Team
    • 2024 - KASE - Best Underwriter Equities Market
    • 2024 - KASE - Best Market Maker Equities Market
    • 2024 - KASE - Best Market Maker Corporate Bonds Market
    • 2024 - AIX - Investment Banking Excellence
    • 2024 - AIX - Deal Of The Year
    • 2024 - AIX - Best Investment Banking Team
    • 2023 - KASE - The Best Financial Advisor
    • 2023 - KASE - Stock Market Leader
    • 2023 - KASE - For The Development Of The Retail Investor Market
    • 2023 - KASE - For The Development Of The Institute Of Market-making
    • 2023 - KASE - Bond Market Leader
    • 2023 - IBM - Best Asset Manager Kazakhstan
    • 2023 - AIX - Best Corporate Banking Team
    • 2023 - AIFC - Investment Banking Excellence
    • 2022 - KASE - Best Underwriter
    • 2021 - KASE - The Best Financial Advisor
    • 2021 - KASE - Market Maker Of The Year In The Corporate Bond Market
    • 2020 - IBM - Best Broker Kazakhstan
    • 2020 - IBM - Best Asset Manager Kazakhstan
    • 2020 - IBM - Best Adviser Kazakhstan
    • 2019 - CBONDS - The Best Management Company In Kazakhstan
    • 2019 - CBONDS - The Best Investment Broker In Kazakhstan
    • 2018 - CBONDS - The Best Investment Broker In Kazakhstan
    • 2017 - KASE - The Leader Of The Corporate Bond Market
    • 2017 - CBONDS - Effective Management In The Investment Market Of Kazakhstan
    • 2016 - KASE - The Leader Of The Corporate Bond Market
    • 2016 - KASE - Market Maker Of The Year In The Corporate Bond Market

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген 10.07.2018 жылғы №3.2.235/12 мемлекеттік лицензия

Банк операцияларын жүргізуге берілген 15.07.2024 жылғы № 3.4.3 мемлекеттік лицензия: Ұлттық және шетел валютасындағы банк операциялары

Инвестициялауды бастау

Немесе бізге хабарласыңыз

Бізге хабарлассаңыз, сұрақтарыңызға жауап береміз

Маңызды Ақпарат. Жауапкершіліктен бас тарту

Инвестициялық пай қорларына инвестиция салған кездегі тәуекел туралы ақпарат. «BCC Invest» АҚ олар туралы ақпаратты ұсынатын инвестициялық пай қорларының пайымен операция жүргізбес бұрын осы ақпаратты алушылар инвестициялық пай қорының аталған қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттарымен, инвестициялық декларациясымен және ережесімен танысуы қажет. Паймен операция жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде, қаржы құралдарына инвестиция салу күтілетін кірісті алмау, салынған қаражаттың бір бөлігін,  тіпті барлығын жоғалту, сондай-ақ ықтимал шығын мен жоғалту тәуекелімен байланысты екенін ескерген жөн. Пай құны көтерілуі де, түсуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижесі болашақтағы кірісті айқындамайды. Мемлекет инвестициялық қорларға салынған инвестициялардың кіріс әкелетініне кепілдік бермейді.

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.