KZ
2026 жылғы 6 ақпаннан бастап «BCC Invest» АҚ «KASE индексі» ETF, «MBM Index KASE» ETF биржалық қорының пайларын және «BCC Euro» интервалдық инвестициялық пай қорының пайларын алғашқы орналастыруды бастайды.
Орналастыру мерзімі: 2026 жылғы 6 ақпан.
KASE индексі ETF
Қазақстан қор биржасының (KASE) өкілдік санаттағы акциялар индексі – KASE индексінің құрамын толығымен көрсететін индекстік қор. Қазақстан биржасының басты индексі еліміздің ең ірі, өтімді және қаржылық тұрақты компанияларының динамикасын көшіреді. KASE индексі ETF: ISIN KZPF00000983
MBM Index KASE ETF
Қазақстан қор биржасының (KASE) MBM_index индексінің құрамын толық көрсететін индекстік қор. Қор қаражатты ақша нарығының құралдарына (25%) және ҚР Қаржы министрлігі шығаратын өтеу мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарға (75%) инвестициялайды. MBM Index KASE ETF: ISIN KZPF00000983
«BCC Euro» ИИПҚ
Қазақстан Республикасындағы номиналы еуро болатын тұңғыш қор. Еуропаның борыштық нарығына экспозициясы және ірі еуропалық компаниялардың акциялары бар пай қоры. Қордың құрамында Еуропа мемлекеттерінің егеменді облигациялары (80%) және Еуропаның ірі және анағұрлым өтімді компанияларының акциялары (20%) бар. Бұл теңгерімді портфель қалыптастыруды қамтамасыз етеді және тәуекелді азайтып, инвесторларға ел экономикасының өсуімен қатар кіріс алуға мүмкіндік береді. ISIN BCC Euro: KZPF00001007
Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі BCC Invest компаниясының ұзақмерзімді корпоративтік рейтингін Ва2 деңгейіне көтерді. Болжамы — «Тұрақты».

Аптаның негізгі тақырыптары:

$
5%Жылдық
₸
19-20%Жылдық
$
4%Жылдық






