KZ
16-02-2024
Пресс-релиз
БЦК тобы Air Astana IPO қорытындысын шығарды
2024 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткен Air Astana акцияларын бастапқы орналастыру қорытындылары шығарылды.
BCC Group («Банк Центркредит» АҚ және «BCC Invest» АҚ) инвесторлардан 30 миллиард теңгеден астам сомаға (72 миллион долларға баламалы) өтінімдер жинады. Бұл «Air Astana» компаниясының ішкі нарықтағы IPO аясында жиналған барлық өтінімдердің жалпы көлемінің 15% құрайды, ол 483 миллион АҚШ доллардан асты.
Көлемнің көп бөлігі жеке инвесторлардан (жеке тұлғалардан) келді. Жеке инвесторлар арасында жиналған өтінімдер көлемі бойынша БЦК Тобы екінші орында, «Банк Центркредит» АҚ екінші деңгейлі банктер арасында бірінші орында (18 млрд теңге). Алматы, Астана, Шымкент қалаларының инвесторлары өтінімдер саны бойынша ең жоғары белсенділікті көрсетті.
Қазақстан Қор Биржасында (KASE) инвесторлардан жиналған өтінімдер көлемі бойынша BCC Тобы 27,1 млрд теңге жинап, бірінші орынды иеленді.
Әлібек Оразақов, BCC Invest Басқарма Төрағасының Орынбасары:
«Біздің ұлттық тасымалдаушымыз IPO нарығына шықты. Бұл бүкіл нарық үшін маңызды және тарихи мәміле болды. IPO үш орналастыру платформасында, соның ішінде екі Қазақстандық биржада, құралдардың үш түрін, соның ішінде бөлшек инвесторларға арналған GDR (ЖДҚ) деп аталатын жаңа құралды пайдалана отырып өтті. Қорытынды деректер акцияларды бастапқы орналастыру жеке тұлғалар үшін барған сайын тартымды инвестициялық шешімге айналатынын көрсетеді. BCC Тобы біздің барлық клиенттерімізге сенімдері үшін алғыс білдіреді».
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда компания инвесторларға компанияның жай акцияларын және Жаһандық Депозитарлық Қолхаттарды (ЖДҚ) келесі баға диапазонында ұсына отырып, жария ету ниетін жариялады: бір ЖДҚ үшін 8,5 - 11,0 АҚШ доллары және бір акция үшін 2,13 - 2,75 АҚШ доллары (немесе баға жарияланған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша бір акция үшін 956 - 1 237 теңге).
Жаһандық Депозитарлық Қолхаттар (ЖДҚ) листингтен өтеді және Лондон Қор Биржасында (LSE) және Астана Халықаралық Биржасында (AIX) сауда-саттыққа жіберіледі, ал акциялар AIX және Қазақстан Қор Биржасында (KASE) саудаланады.
ЖДҚ-ның негізгі активі компанияның жай акциялары болып табылады, 1 ЖДҚ компанияның 4 жай акциясына тең.
Кітап құрастыру процесінің соңында бір ЖДҚ бағасы 9,5 АҚШ доллары, ал бір акцияның бағасы 1 073,83 теңге деңгейінде анықталды.
Жалпы алғанда, "Air Astana" 370 миллион доллар жинады, оның 215 миллион доллары ішкі нарықтан түсті. IPO-ны ұйымдастыруға бірнеше шетелдік және Қазақстандық қаржы топтары қатысты.
Анықтама:
"BCC Invest" АҚ - инвестициялық компания, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы, BCC тобына кіреді. Брокерлік қызмет көрсету, корпоративтік қаржыландыру, активтерді, оның ішінде зейнетақы активтерін басқару қызметтерін көрсетеді. 1998 жылдан бастап брокерлік нарықта.
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.
БАҚ үшін байланыс деректері:
Динара Шумаева, маркетинг және PR дирекциясының директоры
E-mail: dshumayeva@bcc-invest.kz
Тел.: +7 707 165 91 11