Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейіне (±1 т.б. дәлізімен) көтерді

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68e/8b2/88b/68e8b288b2722972340132.png

10.10.2025

Шешім 2025 жылғы 13 қазан, дүйсенбі күні күшіне енеді. Бұл – 2025 жылы жоспарланған сегіз отырыстың ішінде жетінші шешім. Бұған дейін BCC Invest сарапшылары дәл осындай нәтижені болжаған болатын.

 

Неге бұлай болды?

  • Инфляция жеделдеді: қыркүйек – 12,9% жылдық, 1,1% айлық.
  • Кең ауқымды қысым компоненттері:
    • Азық-түлік: 12,7% жылдық.
    • Азық-түлікке жатпайтын тауарлар: 10,8% жылдық.
    • Қызметтер: 15,3% жылдық.
  • Инфляциялық күтулер тәуекелі: айырбас бағамының құбылмалылығы және ішкі сұраныстың тұрақты болуы екінші реттік әсерлерді күшейтеді.
  • ҰБ сигналы: дезинфляциялық трендті бекіту және күтулерді тұрақтандыру үшін неғұрлым қатаң жағдайлар қажет.

 

Бұл шешім не үшін?
Ақша-кредит саясатын қатаңдату жиынтық ақша-кредит шарттарының жұмсаруын бейтараптандыруға, инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға, теңгелік активтердің тартымдылығын қолдауға және «инфляциялық спираль» қаупін болдырмауға бағытталған. МРТ-ны қайта қараумен, алтын-валюта операцияларын «айна қағидасы» бойынша жүргізумен және микро/макропруденциялық шаралармен ұштаса отырып, регулятор неғұрлым қатаң антиинфляциялық контур қалыптастырады.

 

Толығырақ  BCC Invest талдауында.