Инвестициалық пай қоры

бұл инвесторлардың қаражатын кәсіби басқарушылар табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға (немесе басқа активтерге) одан әрі орналастыру үшін біріктіретін ұжымдық инвестициялардың бір түрі.

BCC Invest Пай қорлары

АҚШ долларында тұрақты дивиденд пен кіріс іздейтіндер үшін

Бір ПАЙДЫҢ құны

17-09-2026

13.2563 $

Толығырақ

Комиссия

Қорды басқару комиссиясы

Активтердің орташа жылдық құнының 0,65%

Табысы үшін Комиссия (егер қордың жыл қорытындысы бойынша кірістілігі 5% - дан жоғары болған жағдайда)

Пайдың құнының өсуінің 10%

ИПҚ артықшылықтары

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/667/ac7/02d/667ac702d13b6852995316.jpg

Кез келген мақсатқа арналған шешімдер

Таңдау үшін тарихи кірістіліктің әртүрлі деңгейлері, инвестициялау мерзімі бар қорлар ұсынылады.

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/667/ac7/162/667ac7162b3c0739175885.jpg

Ыңғайлылық және уақытты үнемдеу

Тәжірибелі менеджерлер нарықты бақылайды және портфельдің оңтайлы құрамын сақтайды.

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/667/ac7/a45/667ac7a455964119482021.jpg

Толықтай дайын портфель

Қорлардың құрамына әртүрлі салалар мен елдердің перспективті компанияларының бағалы қағаздары кіреді

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/667/ac7/abf/667ac7abf364d266943260.jpg

Ашықтық

Басқарушы компанияның қызметі заңнамамен реттеледі

Бұл қалай жұмыс істейді?

Инвестициалық пай қоры (ИПҚ) – бұл инвесторлардың ақшасын біріктіретін қор. Жинақталған активтерді әртүрлі қаржы құралдарына салуға болады: облигациялар, акциялар, жылжымайтын мүлік.

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/666/146/6d2/6661466d2145d960306099.png

Басқарушы директор

Зерилов Руслан Мухаметжанович

"BCC Invest" инвестициялық компаниясы – 26 жыл бойы брокерлік қызмет пен инвестициялық портфельді басқару нарығында көшбасшы. "Банк ЦентрКредит" АҚ қаржы тобының құрамына кіреді.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • ИПҚ дегеніміз не?

    ИПҚ (инвестициялық пай қоры) — бұл қордың инвестициялық стратегиясына сәйкес инвесторлардың қаражатын әртүрлі қаржы құралдарына салу үшін біріктіретін ұжымдық инвестициялау құралы.

    Қор активтерін басқарумен Басқарушы компания айналысады, ал инвесторлар салынған қаражатқа пропорционал қор активтеріндегі үлеске құқығын растайтын бағалы қағаз — пай алады.

  • ETF дегеніміз не?

    ETF (Exchange Traded Fund) — бұл пайлары қор биржасында айналысқа түсетін биржалық инвестициялық қор.

    Қор инвесторлардың қаражатын біріктіріп, оны қордың инвестициялық стратегиясына сәйкес әртүрлі қаржы құралдарына салады.

    Қор активтерін басқарумен Басқарушы компания айналысады, ал инвесторлар салынған қаражатқа пропорционал қор активтеріндегі үлеске құқығын растайтын бағалы қағаз — пай алады.

  • ИПҚ мен ETF-тің артықшылықтары қандай?

    ИПҚ мен ETF кәсіби мамандар басқаратын бағалы қағаздардың дайын портфеліне қаражат инвестициялауға көмектеседі. Негізгі артықшылықтары маналар:


    Екінші деңгейдегі банктердегі депозитпен салыстырғанда ықтимал  жоғары кірістілік;

    Салымдарды әртараптандыру — қаражат бірден бірнеше қаржы құралдарына инвестицияланады, бұл тәуекелді азайтуға көмектеседі;

    Кәсіби басқару — қордың құрамы мен құрылымын қор нарығының мамандары бақылайды;

    Инвестиция жасау қолжетімді — инвесторға көптеген бағалы қағаздарды өз бетінше сатып алудың қажеті жоқ;

    Салық бойынша артықшылықтар — ҚР заңнамасына сәйкес пай құнының өсімінен түсетін кіріске  және мұндай қорлар бойынша дивидендке салық салынбайды;

    Инвестиция ҚНРДА және ҚР ҰБ инфрақұрылымымен құқықтық қорғалған.

  • Қорды кім басқарады?

    Қорды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы — басқарушы компания басқарады.

  • Қордың кіріс әкелетініне кепілдік берілген бе?

    Жоқ. Пай қорларының кіріс әкелетініне кепілдік берілмейді, ал пай құны қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты көтерілуі де, түсуі де мүмкін.

    Кез келген басқа инвестициялық өнiм сияқты қордың кiрiс әкелетініне кепiлдiк 

    Инвестициялар әрдайым нарықтық тәуекелмен байланысты, өйткені бағалы қағаздар мен басқа да активтердің құны экономикалық және нарықтық факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін.

    Бұл ретте пай қорлары тәуекелдерді төмендетуге көмектеседі:

    - әртараптандыру — қор қаражаты әртүрлі активтер, салалар мен нарықтар арасында бөлінеді. Бұл кейбір активтер құнының төмендеуінің әсерін азайтуға мүмкіндік береді, өйткені бір құралдардың құнының өзгеруі басқалардың өсуімен өтелуі мүмкін.

    - кәсіби басқару — Басқарушы компания нарықты талдап, нарықтағы жағдайға байланысты қор портфелінің құрылымын басқарады, бұл тәуекелді азайтуға және орта және ұзақмерзімді перспективада қордың инвестициялық стратегиясын тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.

  • Пай қорларының инвесторлары қалай қорғалған?

    Өз қаражатын инвестициялық пай қорларына инвестициялайтын инвесторлар Қазақстан Республикасының инвестиция саласындағы инфрақұрылымымен және заңнамасымен қорғалған. Басқарушы компания қызметін инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады, ал қорлардың өздері тіркеу және реттеу рәсімінен өтеді.

    Инвесторларды қорғау инфрақұрылымның бірнеше деңгейімен қамтамасыз етіледі:

    - пайға құқықтардың есебі Бағалы қағаздар орталық депозитарийінде жүргізіледі;

    - қордың активтері тәуелсіз кастодиан банкте сақталады;

    - кастодиан банк қор активтерімен жүргізілетін операцияларды және инвестициялық стратегияның сақталуын бақылайды.

    Бұл ретте инвестиция әрдайым нарықтық тәуекелмен байланысты екенін және қордың кірістілігіне кепілдік берілмейтінін ескерген жөн. Пайдың құны нарықтық жағдайға байланысты өсуі де, төмендеуі де мүмкін.

  • Паидың ағымдағы құны дегеніміз не?

    Паидың ағымдағы (есептік) құны — паидың негізгі сипаттамасы. Іс жүзінде бұл пайлық инвестициялық қордың бір пайының құны, ол қордың таза активтерінің жалпы құнын қор шығарған пайлардың жалпы санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Қордың таза активтерінің құны дегеніміз не және ол неге әсер етеді?

    Қордың таза активтерінің құны — қор активтерінің құны. Ол қордың активтерінің бүкіл портфелінің құнынан контрагенттер алдындағы міндеттемелерді (инфрақұрылымдық қызметтерді жеткізушілерге), қордың шығындары мен басқарушы компанияның және қордың қызметін қамтамасыз ететін үшінші тұлғалардың комиссияларын шегеру арқылы есептеледі. 

    Таза активтер құны қордағы басқарудағы қаражаттың көлемін көрсетеді. Қордың таза активтерінің құны неғұрлым жоғары болса, қор иелігіндегі клиенттік қаражат соғұрлым көп болады, ал басқарушы компания қор үшін құралдардың неғұрлым кең спектрін сатып ала алады.

  • Пай қорларға инвестициялаудан түскен табысқа салық салына ма?

    Пай құнының өсуінен түскен табысқа, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорлардан алынған дивидендтерге салық салынбайды.

  • Сатып алған пайларым қайда сақталады?

    Пай — инвестордың салынған қаражатқа пропорционал қор мүлкіндегі үлесіне құқығын растайтын құжатсыз бағалы қағаз.

    Пай иелерiн және оларға тиесiлi пай санын есепке алу қор инвесторларының тiзiлiмiн сақтайтын бағалы қағаздар депозитарийiнде жүргiзiледi.

    Басқарушы компания мен кастодиан банк тізілім деректерін, пай санын немесе пай иелері туралы ақпаратты өз бетінше өзгерте алмайды.

  • Кастодиан банк дегеніміз не және оның рөлі қандай?

    Кастодиан банк — бұл кастодиан қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк. Ол қордың активтерiн: ақша қаражаты мен бағалы қағаздарды сақтауға және есепке алуға жауап бередi.

    Кастодиан банк:

    - қордың активтерін сақтайды;

    - қордың активтері мен операцияларының есебін жүргізеді;

    - күн сайын қордың таза активтерінің құнын және пай құнын Басқарушы компанияның есептерімен салыстырады;

    - операциялардың заңнама талаптарына және қор ережесіне сәйкестігін бақылайды.

    Басқарушы компания қор активтеріне тікелей қол жеткізе алмайды. Активтермен операциялар жүргізу үшін ол кастодиан банкке тапсырма жібереді, ал кастодиан банк мұндай операциялардың заңдылығы мен дұрыстығын тексереді.

  • ИПҚ-ға қандай мерзімге инвестициялау ұсынылады?

    Инвестициялық пай қорына инвестициялаудың оңтайлы мерзімі — бір жылдан бастап. Басқарушы компания салған инвестициялық стратегия ұзақ көкжиекте толық ашылатынын түсіну маңызды. Сонымен қатар ұзақ мерзімді кезеңде қор портфелінің құнының ауытқуы төмен болады. Сондықтан ұзақ мерзімді перспективада қор активтерінің жекелеген түрлерінің нарықтық құнының қысқа мерзімді өзгерістеріне аз тәуелді, неғұрлым тұрақты нәтижеге қол жеткізуге болады

  • Қорлар бойынша басқарушы компания қандай комиссияларды алады?

    Қордың түріне қарай комиссияның екі түрі қолданылуы мүмкін:

    Басқару үшін комиссия

    Бұл — қор активтерін басқару және оның қызметін сүйемелдеу үшін алынатын негізгі комиссия. Ол инвестициялау нәтижесіне қарамастан ұсталады.

    Мысалы, «Разумный баланс» қоры бойынша комиссия қордың таза активтерінің құнынан жылдық 0,75% құрайды.

    Комиссияның ерекшеліктері:

    – күн сайын есептеледі;

    – ай сайын қор активтерінен ұсталады;

    – пай құнына есептелген, сондықтан инвестордан бөлек төлем талап етілмейді.

    Қор шығыстарына кастодиан, тіркеуші, қордың аудиторы, биржа, клиринг және қордың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін басқа да контрагенттердің қызметтері де кіреді.

    Жетістік үшін комиссия

    Комиссия қордың кірістілігі сенімгерлік басқару шартында (Қор ережелеріне қосымша) белгіленген нысаналы кірістіліктен асқан жағдайда ғана ұсталады.

    Мысалы, «Разумный баланс» қоры бойынша:

    нысаналы кірістілік — жылдық 9%;

    жетістік үшін комиссия — осы деңгейден асатын кірістің 15%.

    Егер қордың кірістілігі нысаналы деңгейден аспаса, жетістік үшін комиссия алынбайды.

    Маңызды

    «Индекс KASE» ETF және MBM Index KASE ETF индекстік қорларына жетістік үшін комиссия қолданылмайды. |

  • Пайды сыйға беруге, мұраға қалдыруға немесе басқа адамға қайта ресімдеуге бола ма?

    Иә. Қордың пайы инвестордың мүлкі болып табылады, сондықтан оларды:

    - мұраға беруге;

    - өсиет бойынша ресімдеуге;

    - басқа адамға сыйға тартуға болады.

    Пайды сыйға тарту үшін нотариатта куәландырылған сыйға тарту шартын ресімдеу қажет. Шарттың негiзiнде Басқарушы компания пайды жаңа иесiне қайта ресiмдейдi.

  • Қордың пайларын қалай сатуға болады?

    Қордың пайларын сатып алатын күндері қордың пайларын сату қолжетімді. Қордың пайларын басқарушы компания арқылы сату үшін өз менеджерініңізге хабарласып, пайларды өтеуге өтінім толтырып, оны пай сатып алатын күн басталғанға дейін белгіленген мерзімде беру қажет.

  • Қордың пайын кері сатып алатын күн дегеніміз не?

    BCC Invest басқаратын қорлардың көпшілігі ИИПҚ — интервалдық инвестициялық пай қорлары.

    Интервалдық ИПҚ — пай сатып алу кез келген уақытта қолжетімді болатын қор форматы, ал пайды қор ережесінде белгіленген белгілі бір күндері ғана сатуға немесе өтеуге болады. Мұндай күндер кері сатып алатын күндер немесе интервалдар деп аталады.

    Кері сатып алу интервалдары қалай жұмыс істейді?

    Әр қорда инвесторлар пай сатуға өтінім бере алатын кезеңдер алдын ала белгіленген. Мұндай интервалдардың жиілігі нақты қорға байланысты:

    «ЦентрКредит — Разумный баланс», «ЦентрКредит — Валютный» және «BCC Elite» — тоқсанына 1 рет;

    «Wardat al Hayat» және «BCC Euro» — жарты жылда 1 рет;

    «KASE индексі» ETF және «MBM Index KASE» — жылына 1 рет.

    Пай қалай өтеледі?

    1. Инвестор пайды өтеуге өтiнiмдi кері сатып алатын күнге дейiн бередi. Әдетте өтінімдерді қабылдау кері сатып алатын күнге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын ашылады.

    2. Пай құны кері сатып алатын күннің алдындағы жұмыс күнінің соңындағы есептік баға бойынша айқындалады.

    3. Ақша қаражаты инвесторға өзі көрсеткен банктік деректемелер бойынша өтелетін пайдың есептік құнына сәйкес кері сатып алынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде аударылады.

Инвестициялық пай қорларына инвестициялаған кездегі маңызды ақпарат