Қазақстан Президенті Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік орденімен марапатталды

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/688/9f3/a13/6889f3a134e49216324884.png

30.07.2025

🔥 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік марапаты — Devlet Nişanı орденімен марапатталды.


Акорданың ресми хабарламасы


🥈 Салтанатты рәсім 29 шілде күні Анкарада Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен өтіп, екі ел арасындағы ерекше қарым-қатынастың символына айналды.


💬 Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ешбір шетелдік марапаттарды қабылдамағанын атап өтті. Алайда бұл орденді бауырлас халықтар арасындағы достық пен құрметтің ерекше белгісі ретінде қабылдады. Тараптар сауда, инвестиция және гуманитарлық байланыстар салаларындағы жетістіктерді атап өтті.


Бүгінде Қазақстанда шамамен 4 мыңға жуық түрік компаниясы жұмыс істейді, ал Түркияда 12 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Екі ел арасындағы жыл сайынғы туристік ағын 1 миллионнан асады.


✅ Мемлекет басшылары Түркі мемлекеттері ұйымы аясында стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету бағытын қуаттады.


 📃 Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық және институционалдық байланыстарға қатысты қысқаша материал дайындадық. Қосымша файлдан танысуыңызға болады.