«Аэрофлот – Ресей әуе жолдары» ЖАҚ бағалы қағаздары бойынша ақпаратты ашу (ISIN RU0009062285)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/698/b26/c22/698b26c22de50431246413.png

09.02.2026

НКО «НРД» АҚ-нан алынған SWIFT-хабарлама негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-нан «Аэрофлот – Ресей әуе жолдары» ЖАҚ бағалы қағаздарына қатысты «Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы» корпоративтік оқиғасы туралы ақпарат алынғаны хабарланады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізу күні: 2026 жылғы 3 наурыз.
Жиналысқа қатысу құқығы бар тұлғаларды айқындау күні: 2026 жылғы 6 ақпан.
Жиналыс өтетін орын: Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы.

Кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібіне, соның ішінде, келесі мәселелер енгізілген:

  • акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібін бекіту;
  • «Аэрофлот» ЖАҚ-ның 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігін тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау (бекіту).

Сонымен қатар, нұсқауды өңдеу құны есептік ұйымның тарифтеріне сәйкес Орталық депозитарийдің шығындарын өтеу үшін қайта есептелетіні хабарланады.

Жиналысқа қатысу және дауыс беру тәртібі депозитарлық инфрақұрылым арқылы хабарланады.
Инвесторлардың әрекеттері депозитарий белгілеген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.