Apple Inc. акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (ISIN US0378331005)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/696/623/b54/696623b549f00398854501.png

12.01.2026

«BCC Invest» АҚ Apple Inc. бағалы қағаздарына қатысты «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы» түріндегі корпоративтік іс-шара туралы Clearstream Banking AG (Франкфурт) ұйымынан алынған SWIFT-хабарлама негізінде Орталық бағалы қағаздар депозитарийінен хабарлама алынғанын хабарлайды.

Негізгі ақпарат:

  • Жиналыс нысаны: виртуалды акционерлер жиналысы
  • Жиналыстың өткізілу күні мен уақыты: 2026 жылғы 24 ақпан
  • Қатысу құқығын тіркеу күні: 2026 жылғы 2 қаңтар
  • Дауыс беру нұсқауларын тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 13 ақпан (19:00 UTC)
  • Нарықтық дедлайн: 2026 жылғы 23 ақпан (21:59 UTC)
  • Бағалы қағаздарды бұғаттау: қолданылмайды

Дауыс беру нұсқалары:

  • «Қолдаймын»
  • «Қарсымын»
  • «Қалыс қаламын»
  • «Қатыспаймын»
  • Өкіл тағайындау (proxy)

Аталған корпоративтік іс-шара ерікті болып табылады және инвесторға таңдау құқығын береді.
Нұсқау берілмеген жағдайда «Қатыспаймын» нұсқасы қолданылады.

Жиналыс бойынша нұсқаулар Clearstream жүйесінде MX форматында немесе Xact интерфейсі арқылы қабылданады.