KZ
20-11-2024
ИПҚ бойынша кірістілік банктердің депозит бойынша мөлшерлемесінен және облигациялардың әлемдік индекстерінен жоғары
BCC Invest компаниясының инвестициялық пай қорлары (ИПҚ) соңғы 12 айда рекордтық кірістілікті көрсетіп, нарықтық бенчмарктерді де, еліміздің банктеріндегі депозит бойынша мөлшерлемені де басып озды.
Өткен жылдың 30 қыркүйегінен бастап соңғы 12 айда «ЦентрКредит — Разумный баланс» қорының кірістілігі теңгемен 28,57%-ды, осындай кезеңде «ЦентрКредит – Валютный» қорының кірістілігі АҚШ долларымен 24,21%-ды құрады, ал «BCC Elite» қоры теңгемен жылдық 16,64% кірістілік көрсетті.
Қорларды басқарушылар таңдаған стратегиялық зейіннің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді. Инвестициялық стратегияның негізгі идеясы – орта мерзімді кезеңде (доллардағы, теңгедегі) облигациялардан жоғары кіріс алу.
ИПҚ деген не?
Инвестициялық пай қорлары (ИПҚ) — бұл бiрнеше пайшылардың (инвесторлардың) қаражатын бiрiктiретiн қорлар. Қордың инвестициялық мақсатына жетуге бағытталған кәсіби басқарушылар командасы Қорды басқарумен айналысады. Қордың инвесторлары қордың ортақ мүлкiнiң үлесiне меншiк құқығын растайтын, олардың салымдарының мөлшерiне баламалы бағалы қағаз — пай алады.
Қазақстандағы ИПҚ нарығы
ҚНРДА деректері бойынша 2024 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша ИПҚ активтерінің жиынтық көлемі 288,3 млрд теңгеге тең, бұл Қазақстанның ЖІӨ-нің бар-жоғы 0,4%-ын құрайды. Салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш Ресейде 8,5%-ды, ал АҚШ-та 140%-ды құрайды. Қызықты жағдайды Үндістан көрсетіп отыр, онда қор активтерінің елдің ЖІӨ-ге арақатынасы жергілікті қор нарығының қарқынды өсуі аясында 2020 жылғы 10,9%-дан 2021 жылдың соңында 17%-ға дейін өсті.
Басқа елдердің тәжірибесіне сүйенсек, қорлардың нарыққа ену үлесі едәуір жоғары болуы мүмкін, сондықтан қорлардың Қазақстанда еселеп өсу әлеуеті зор.
«ЦентрКредит — Валютный» ИИПҚ
Номиналы АҚШ долларындағы «Валютный» қорының кірістілігі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша соңғы 12 айда 24,21%-ды құрайды. Қор кірістілігі бойынша салалық бенчмарктен озып кетті.
Қордың таза активтерінің құны 46 млн долларды құрайды, жыл басынан бері ол 36,5%-ға ұлғайды.
Қордың құрамына Қазақстан мен қазақстандық корпорациялардың еурооблигациялары, сондай-ақ АҚШ, Еуропа, Латын Америкасы мен Оңтүстік шығыс Азиядағы өз саласының жетекші компанияларының еурооблигациялары мен акциялары кіреді. Қордың портфеліндегі құралдардың 75%-дан астамын ВВ және одан жоғары рейтингі бар құралдар құрайды, атап айтқанда, ВВВ және одан жоғары рейтингі бар облигациялар портфельдің 64,27%-ын құрайды.
Қор кірістілік бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өз пайшыларына тұрақты түрде (ағымдағы пай құнының 1,25%-ы мөлшерінде) дивиденд төлейді. Сонымен инвесторлар қорға кірген кездегі инвестиция сомасы мен қордың пайын сатқаннан түскен соманың арасындағы айырмадан ғана емес, дивиденд төлеу есебінен де кіріс ала алады.
Жоғары кредиттік сападағы Investment Grade класының борыштық құралдарын таңдау басқарушылардың қордың портфелін қалыптастыруындағы негізгі сәт болды.
«ЦентрКредит — Разумный баланс» ИИПҚ
2024 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша соңғы 12 айдың қорытындысы бойынша «Разумный баланс» ИПҚ-ның кірістілігі 28,57%-ды құрады.
Қордың таза активтерінің құны 5,9 млрд теңгені құрайды. Қор портфелінің 80%-ын орташа алынған купондық мөлшерлемесі 13,5%-дан жоғары облигациялар құрайды. Портфельдің 90%-ы дерлік қазақстандық құралдардан тұрады.
«Көптеген инвесторлар Қазақстанның корпоративтік және егеменді борыш нарығына оның тартымды жоғары мөлшерлемесімен шыққысы келеді, бірақ эмитенттерді қалай дұрыс таңдауды, қандай оңтайлы портфельді таңдауды және дефолт тәуекелінен өздерін қалай сақтандыруды білмейді. Біз қорымыздың пайшыларына портфельде жиналған үздік әрі сенімді құралдардың экспозициясын ала отырып, нарыққа кіруге мүмкіндік береміз, бұл ретте оны қор нарығының тәжірибелі мамандары белсенді түрде басқарады», — деп түсіндіріп өтті «BCC Invest» АҚ активтерді басқару тобының басшысы Мәулен Үсенов.
«BCC Elite» ИПҚ
Бірінші кезекте Қор қаражат жинау үшін және салымнан банктің депозитінен жоғары кіріс алу үшін теңгемен өздерінің еркін өтімділігін ұсынатын корпоративтік клиенттерге бағдарланған.
Қор активтерінің 80%-ын ақша қаражаты құрайды, олар жүйелі түрде РЕПО-да жоғары мөлшерлемемен орналастырылады.
Нарықты дамыту болжамдары
Аталған барлық пай қорлары KASE биржасында листингтелген және инвесторлар кез келген уақытта биржа арқылы пайды оңай сатып алып, сата алады. BCC Trade компаниясының мобильді қосымшасында, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің BCC.kz мобильді қосымшасында өзіңіздің инвестиция портфеліңіздің динамикасын қадағалауға, сондай-ақ қорлардың пайын сатып алуға және сатуға болады.
«Пай қорлары – біздің өнімдеріміздің алтын діңгегі, біз болашақта өзіміздің өнімдер желісін кеңейтіп, электрондық арналардағы клиенттік тәжірибемізді жақсартуды жоспарлап отырмыз. Біздің орта мерзімді болашақтағы міндетіміз – депозит ашатын адамдарды тарту, пай қорларына инвестициялау мүмкіндігін қарастыру», — деп, «BCC Invest» АҚ өнім менеджері Артем Малых болашақ жоспарларымен бөлісті.
«Қазіргі таңда пай қорлары көптеген инвесторлар үшін, оның ішінде қор нарығында инвестициялауды енді бастағандар үшін неғұрлым қолайлы инвестициялық өнім болып отыр. Қорлардың ұжымдық табиғатын, олар беретін кең, алуан түрлі құралдар пулына қолжетімділікті және тәжірибелі кәсіпқойлар командасының қор портфелін белсенді түрде басқаратынын ескере отырып, инвесторлар өз бетінше инвестициялаудың негізгі тәуекелін көтермей, салыстырмалы түрде жоғары кірістілікке сенім арта алады», — деп атап өтті «BCC Invest» АҚ Басқарушы директоры Руслан Зерилов.
Компанияның инвестициялық пай қорлары туралы толығырақ ақпаратты bcc-invest.kz сайтындағы «Өнімдер» бөлімінен немесе 303 нөмірі бойынша білуге болады.
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 10.07.2018 жылғы №3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.