KZ

25.05.2026
BCC Invest инвестициялық компаниясы Islamic Finance and Business Forum 2026 халықаралық форумының серіктесі болды. Форум 21 мамыр күні Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында өтті. Форум Қазақстандағы исламдық қаржы нарығының өзекті жағдайын, заңнамалық өзгерістерді және саланы одан әрі дамыту болашағын талқылауға арналған алаңға айналды.
Форум бизнес пен корпоративтік сектордың, қаржы институттарының, АХҚО өкілдерін, сондай-ақ халықаралық және жергілікті шариғат сарапшыларын біріктірді. Исламдық қаржы құралдарын дамыту, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту және халық пен бизнес үшін өнімдердің қолжетімділігін арттыру мәселелері қатысушылардың басты назарында болды.
BCC Invest компаниясының атынан Өнімдерді басқару департаментінің өнім менеджері Артем Малых қатысты. Артем «Исламдық қаржыландыру нарығының тәжірибесі: іске асырылған кейстер» атты сессияда спикер ретінде сөз сөйлеп, Шариғат қағидаттарына сәйкес келетін инвестициялық шешімдерді дамыту бойынша компанияның тәжірибесін таныстырды.

Фотосуретті ұсынған: МХОА
Сөз барысында BCC Invest-тің исламдық қаржыландыру нормаларына сәйкес жұмыс істейтін инвестициялық өнімі – Wardat al Hayat инвестициялық пай қоры таныстырылды. Баяндамада қорды қалыптастыру ерекшеліктері, активтерді іріктеу тәсілдері және Қазақстандағы шариғатға сай инвестициялық құралдарға инвесторлардың қызығушылығының артуы қарастырылды.
Сондай-ақ жеке инвесторлар үшін қордың қолжетімділігін арттыруға бағытталған өзгерістерге ерекше назар аударылды. 6 сәуір күні қор пайының құны деноминацияланды: бұрын бір пай 100 доллар тұрса, енді оның құны 1 АҚШ долларын құрайды. Бұл қорды халықтың қалың тобына бұрынғыдан да қолжетімді етеді. Мұндай шешім инвестициялық өнімнің кең аудиторияға қолжетімді болуына мүмкіндік беріп, еліміздегі исламдық инвестициялауды одан әрі дамуына ықпал етеді.
BCC Invest-тің форумға қатысуы компанияның инновациялық өнімдерді әзірлеуге және клиенттерге заманауи сұраныстар мен исламдық қаржыландырудың халықаралық стандарттарына сай келетін инвестициялық шешімдерді ұсынуға ұмтылысын білдіреді.
Форумды Қазақстанның исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB), АХҚО және Tidam коммуникациялық агенттігі ұйымдастырды.