BCC Invest Қазақстандағы алғашқы KASE индекстеріне негізделген ETF (exchange-traded fund) қорларын іске қосады

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/695/f3a/f37/695f3af37120b260581833.png

08.01.2026

Өткен жылдың соңында BCC Invest Қазақстан қор биржасымен (KASE) бірлесіп, KASE индекстері бойынша Қазақстанда алғашқы екі биржалық инвестициялық пай қорын (ETF) құрып, оларды тіркеді. Бұл қорлар еліміздегі алғашқы индекс қорлары болды.

«KASE индексі» қоры KASE индексінің құрылымын – қор биржасындағы премиум-класс акцияларының тізімін көрсетеді. Қорға инвестиция салу KASE-дің ең үздік эмитенттеріне тартымды қатысуды қамтамасыз етеді және оның өсу динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.