BCC INVEST-ТЕН МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА!!!

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/668/e6b/1e7/668e6b1e7e36e162151342.png

2024-07-10

Құрметті Клиенттер!

 

«BCC Invest» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Сізге өзінің құрметін білдіреді және кәсіби қызметті жүзеге асыруда табыс тілейді.


Осымен, Қоғам Сіздің назарыңызға "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның (бұдан әрі - БҚОД) 2024 жылғы 10 тамызға дейін БҚОД депоненттері Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, есеп айырысу орны Ресей Федерациясының ұлттық есеп айырысу депозитарийі болып табылатын, БҚОД номиналды ұстауынан шығарылған бағалы қағаздарды шығару жөніндегі операцияларды жүргізу қажет екендігі туралы хабарламасын жеткізеді.


Бағалы қағаздар Ресей Федерациясының резиденттері болып табылатын брокерлік компанияларға шығарылуы керек.

Егер Сіздің жеке шотыңызда Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар бар болса, Қоғам оларды Ресей Федерациясының брокерлік компанияларына аударуға ниет білдірген кезде келесі шараларды орындау қажет екенін хабарлайды:


  1. Егер Сізде Ресей Федерациясының резиденті болып табылатын брокерлік компанияда ашылған брокерлік шот болмаса, Сіз осындай шот ашуыңыз керек.
  2. Ресей Федерациясының резиденті болып табылатын брокерлік компанияда ашылған брокерлік шотыңызға бағалы қағаздарды есептен шығару туралы Қоғамға бұйрық беріңіз.


Біз Сіздің назарыңызды келесіге аударамыз.

Уақыт шектеулеріне байланысты, операцияның орындалуы қосымша бақылау шараларын, қосымша ақпарат пен құжаттарды жинауды қажет етуі мүмкіндігіне байланысты, Сізден барынша қысқа мерзімде Ресей Федерациясының резиденті болып табылатын брокерлік компанияда ашылған брокерлік шотыңызға бағалы қағаздарды есептен шығаруға бұйрық беруіңізді сұраймыз.

 

Қоғам операцияны орындаудан бас тартқаны үшін, клиент немесе үшінші тұлғалар мерзімдерді бұзған және/немесе операцияны Қоғам тарапынан бақылауға алынбайтын жоғарыда көрсетілген себептер мен объективті мән-жайлар бойынша орындау мүмкін болмаған жағдайда жауапты болмайды.

 

2024 жылғы 10 тамыздан кейін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес БҚОД номиналды ұстауынан шығарылған бағалы қағаздарды шығару жөніндегі операциялар ықтимал шектеулерді ескере отырып, БҚОД -мен қаралады.


Барлық туындаған мәселелер бойынша Қоғам менеджерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Тел: 303