BCC Invest: жылдан жылға тұрақты өсім

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/69a/685/3b6/69a6853b67888127421303.png

03.03.2026

Елдегі жетекші инвестициялық компаниялардың бірі — BCC Invest 2025 жылдың қорытындыларын шығарды.

Өткен 2025 жыл жаһандық экономика мен, әсіресе, қор нарығы үшін геосаяси шиеленіс пен инфляцияға қарамастан, айтарлықтай тұрақты болды — MSCI World индексі 21,1%-ға өсті, S&P 500 индексі жаңа максимумдарға жетіп, жыл ішінде 16,4%-ға артты, ал KASE индексі 26,4%-ға көтерілді. Еуропалық индекстердің көпшілігі және дамушы нарықтар да өсім көрсетті.