CHARGEPOINT HOLDINGS INC акцияларын біріктіру

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/688/8a1/8bd/6888a18bd1941162541986.png

28.07.2025

CHARGEPOINT HOLDINGS INC акцияларын біріктіру
Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің ақпаратына сәйкес, CHARGEPOINT HOLDINGS INC ISIN US15961R1059 бағалы қағазы бойынша акцияларды біріктіру корпоративтік ісшарасы жүргізілді.

2025 жылғы 8 шілдеде өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, акциялар жиырма ескі акцияның орнына бір жаңа акция қағидасы бойынша біріктірілді.

Күшіне ену күні: 2025 жылғы 28 шілде
Біріктірілгеннен кейінгі жаңа ISIN: US15961R3030

Фракциялық акциялар таратылмайды. Егер иелік үлесі 20-ға толық бөлінбейтін болса, акционерге қалдық үлес бойынша ақшалай өтемақы төленеді. Өтемақы мөлшері соңғы сауда күніндегі нарықтық баға негізінде есептеледі.

Ісшара міндетті түрде жүзеге асырылды.