Coinbase Global, Inc. бойынша бұрын жарияланған корпоративтік әрекеттердегі өзгерістер (ISIN US19260Q1076)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/695/214/9ba/6952149bad61a432993754.png

26.12.2025

Coinbase Global, Inc. акцияларына қатысты бұрын жарияланған корпоративтік әрекеттерге өзгерістер енгізілгені туралы хабарланады.

EUROCLEAR BANK SA/NV ұсынған ақпаратқа сәйкес, эмитент компанияның инкорпорациялау юрисдикциясын өзгерту туралы шешім қабылдаған.

Өзгерістің мәні:
Компанияның тіркелген юрисдикциясы Делавэр штатынан Техас штатына (АҚШ) ауыстырылды.

Өзгерістердің күшіне ену күні: 2025 жылғы 24 желтоқсан.

Бұл корпоративтік әрекет ақпараттық сипатта болып табылады және инвесторлар тарапынан ешқандай әрекет талап етілмейді. Бағалы қағаздардың саны мен акционерлердің құқықтары өзгермейді.