FedEx Corporation акциялары бойынша толық емес лоттарды сату / сатып алу (ISIN US31428X1063)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/695/b95/8ed/695b958ed5ba0674088116.png

31.12.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Clearstream Banking AG арқылы жүзеге асырылатын FedEx Corporation акциялары бойынша толық емес лоттарды сату және сатып алу бағдарламасы туралы хабарлайды.

Аталған корпоративтік оқиға толық емес лоттарға ие инвесторларға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • өздеріне тиесілі акцияларды сату;
  • толық лот қалыптастыру үшін қосымша акцияларды сатып алу;
  • бағдарламаға қатысудан бас тарту.

Корпоративтік оқиғаға қатысу инвестордың нұсқауы негізінде жүзеге асырылады және ұсынылған опциялардың бірін таңдауды талап етеді. Нұсқау ұсынылмаған жағдайда, корпоративтік оқиға шарттарына сәйкес әдепкі опция қолданылады.

Негізгі шарттар:

  • корпоративтік оқиға ерікті сипатта;
  • әрбір бенефициарлық иеленуші бойынша жеке нұсқау беріледі;
  • қатысу үшін депозитарлық жүйе арқылы белгіленген форматта нұсқау жіберілуі тиіс;
  • шығындар мен комиссиялар есепке алу ұйымының және Орталық депозитарийдің тарифтеріне сәйкес алынады.

Нұсқау беру мерзімі:
Clearstream есепке алу жүйесінде белгіленген және тиісті SWIFT-хабарламада көрсетілген мерзімге сәйкес.

Инвестор әрекеті:
толық емес лоттарды сату немесе сатып алу ниеті болған жағдайда нұсқау беру талап етіледі.