KZ

18.12.2025
«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-дан CLEARSTREAM BANKING AG (Франкфурт) SWIFT-хабарламасына негізделген «Толық емес лоттарды сату/сатып алу» корпоративтік іс-шарасының өткізілетіні туралы хабарлама алынғанын хабарлаймыз. Эмитент — FedEx Corporation.
Аталған корпоративтік іс-шара 99 акцияға дейін иелік ететін акционерлерге арналған және акцияларды ерікті түрде сату немесе сатып алу мүмкіндігін көздейді.
Корпоративтік іс-шараның мәні
Акцияларды сату және сатып алу нарықтық орташа өлшенген баға бойынша жүзеге асырылады. Баға тиісті апта ішінде ашық нарықта жасалған мәмілелердің нәтижелері негізінде есептеледі.
Қатысушылардың сату және сатып алу өтінімдері апта сайын сәйкестендіріледі. Сәйкестендірілмеген акциялар ашық нарықта өткізіледі.
Инвестор үшін қолжетімді нұсқалар
Ішінара қатысуға жол берілмейді — қатысу кезінде барлық акциялар көрсетілуі тиіс.
Баға және есеп айырысу
Есеп айырысу бағасы сауда аяқталғаннан кейін анықталады.
Ақша қаражатын немесе акцияларды есепке алу шамамен 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Комиссиялар
Комиссия мөлшері — әр акция үшін 6 АҚШ доллары, бірақ бір шот бойынша 75 АҚШ долларынан аспайды.
Орталық депозитарий тарифтеріне сәйкес қосымша алымдар алынуы мүмкін.
Маңызды ақпарат
Қатысу халықаралық санкциялық талаптарды (ЕО, АҚШ, Ұлыбритания, БҰҰ) сақтау міндетін білдіреді.
Толық ақпарат пен құжаттар сұрау салу арқылы ұсынылады.