FedEx Corporation акцияларының толық емес лоттарын сату және сатып алу (ISIN US31428X1063)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/694/383/485/69438348576f1429000609.png

17.12.2025

«BCC Invest» АҚ Clearstream Banking AG және Euroclear Bank SA/NV халықаралық депозитарийлерінен алынған SWIFT-хабарламалар негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-нан FedEx Corporation акцияларына қатысты «Толық емес лоттарды сату/сатып алу» (Odd Lot Offer) корпоративтік әрекеті туралы хабарлама алынғанын хабарлайды.

Аталған корпоративтік әрекет толық емес лот иелеріне келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • өздеріне тиесілі акцияларды сату;
  • толық лот қалыптастыру үшін қосымша акциялар сатып алу.

Мәмілелер нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады, баға тиісті кезеңдегі орташа өлшенген сауда нәтижелері негізінде айқындалады. Есеп айырысу операциялары халықаралық депозитарийге қаражат түскеннен кейін жүргізіледі.

Ұсыныстың қолданылу мерзімі ұзартылды. Корпоративтік әрекеттің аяқталу күні — 2025 жылғы 26 желтоқсан.

Бағдарлама шарттарына сәйкес инвестордан өңдеу комиссиясы ұсталуы мүмкін.

Корпоративтік әрекетке қатысу ерікті сипатта.
Қатысу үшін инвестор белгіленген мерзімде тиісті нұсқаулық ұсынуы тиіс.
Нұсқаулық берілмеген жағдайда қатысу жүзеге асырылмайды.