ForteBank (ISIN US34955X5077) бойынша кезектен тыс жалпы жиналыс

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/693/a46/2ba/693a462bafcba142211041.png

09.12.2025

Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі Clearstream Banking AG хабарламасына сәйкес ForteBank GDR ұстаушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды (ISIN US34955X5077)

Жиналыс күні: 2025 жылғы 29 желтоқсан.
Өтетін орны: Астана қ., Достық көш., 8/1.
Нұсқауларды жіберудің соңғы мерзімі: 2025 жылғы 12 желтоқсан, 12:00 (UTC).
Нұсқауларды кері қайтару мерзімі: 2025 жылғы 12 желтоқсан, 11:45 (UTC).

Дауыс беру нұсқалары:

  • VOTE IN FAVOR – «ҚОЛДАУ»
  • VOTE AGAINST – «ҚАРСЫ»
  • SPLIT VOTE – бөлінген дауыс
  • NO ACTION – нұсқаусыз (әдепкі нұсқа)

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

  1. Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлау.
  2. Ашық дауыс беру нысанын бекіту.
  3. Талқылау және сөз сөйлеу уақытының регламентін бекіту.
  4. 2026–2028 жылдарға арналған аудит ұйымын анықтау.
  5. Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау және депозитарийге деректерді ашуға келісім беру.
  6. Ірі қатысушы (10% және одан көп) еместігін растау немесе уәкілетті органның келісімінің бар екендігін растау.

Жиналыс бөлінген дауыс беруді қолдайды және соңғы бенефициарды ашуды талап етеді. Инвесторлар дауыс бергісі келсе, міндетті түрде нұсқау жіберуі қажет.