GAZ CAPITAL S.A. 7.288% 16/08/2037 бойынша келісім сұратуы (ISIN XS0316524130)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a1/d80/bfe/6a1d80bfe4e47837518809.png

29.05.2026

GAZ CAPITAL S.A. Euroclear инфрақұрылымынан тыс жүргізілген облигацияларды алмастыру немесе конвертациялау рәсімдеріне байланысты еурооблигациялардың мәртебесін растау жөніндегі келісім сұрату түріндегі корпоративтік іс-шара өткізуде.

Облигация иелері өздеріне тиесілі бағалы қағаздардың күші жойылғанын, айырбасталғанын немесе конвертацияланғанын растауы тиіс.

Инвестордың әрекеттері: инвесторлар бағалы қағаздары аталған шараларға ұшырағанына немесе ұшырамағанына қарамастан, өз облигацияларының мәртебесін растауы қажет.

Қатысу нұсқалары:
• Option 001 — облигациялардың күші жойылғанын, айырбасталғанын немесе конвертацияланғанын растау;
• Option 002 — облигациялардың күші жойылмағанын, айырбасталмағанын немесе конвертацияланбағанын растау.

Нұсқауларды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қазан.

Тәуекелдер: растау рәсіміне қатысу міндетті болып табылады. Жауап берілмеген жағдайда болашақ кіріс төлемдерін алу және осы бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін. Аннулирлеу, айырбастау немесе конвертациялау расталған жағдайда тиісті позиция қосымша тексеру жүргізу үшін бұғатталуы мүмкін.