GAZ CAPITAL SA — Келісім сұрауы (ISIN XS0316524130)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/690/a00/028/690a0002843bb034018647.png

03.11.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ GAZ CAPITAL SA эмитенті бойынша корпоративтік іс-шара – Келісім сұрауы (Consent Solicitation) туралы Clearstream Banking AG, Frankfurt хабарламасын алғанын мәлімдейді.
Оқиға ресейлік эмитенттердің еурооблигацияларын №430 Президент Жарлығы мен №292-ФЗ Федералдық заңы аясында айырбастау немесе кері сатып алу процесін айқындауға байланысты.

Clearstream қатысушылары өздерінің немесе олардың клиенттерінің позициялары аталған процеске қатысқан-қатыспағанын растауы тиіс. Расталған қағаздар Clearstream жүйесінде бұғатталады.

Іс-шараның қолданылу мерзімі – 2026 жылғы 30 сәуірге дейін.

Clearstream қатысушылар ұсынған ақпараттың дұрыстығына жауап бермейді.