KZ
18-03-2025
Құрметті «BCC Invest» АҚ клиенттері!
2025 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 30 наурыздағы №40 қаулысына Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің (заңды және жеке тұлғалардың) айырбастау операцияларын жүргізу бөлігінде өзгерістер күшіне енгенін хабарлаймыз.
Осы өзгерістерге сәйкес бейрезиденттер бір жұмыс күні бір уәкілетті банкте баламасы 50 000 АҚШ долларынан асатын сомаға ұлттық валютаға (теңгеге) қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу операцияларын жүргізген кезде, «BCC Invest» АҚ клиенттері (заңды және жеке тұлғалар) – ҚР бейрезиденттері теңгедегі қаражаттың шығу көзін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Растаушы құжаттар ретінде:
• резидентке тауар сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден);
• өзге қаржы активтерін ұлттық валютаға сатудан;
• Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен ұлттық валютада дивиденд алудан;
• мемлекеттік кірістер органдарының бейрезиденттің бұрын төлеген салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерін қайтаруынан;
• өзге де экономикалық негізделген көздерден түскен түсімдерге байланысты құжаттар ұсынылуы мүмкін.
Шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізген кезде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.
Құрметпен,
«BCC Invest» АҚ