KZ
14-04-2025
Құрметті клиенттер!
«BCC Invest» АҚ сіздің брокеріңіз ретінде бізге сенім артып, компаниямызды таңдағаныңыз үшін Сізге алғыс білдіреді!
Клиенттеріміз үшін мүмкіндіктер аясын кеңейту және халықаралық активтермен жүргізілетін операцияларды оңтайландыру мақсатында Қоғам Басқармасының шешімімен BANK OF CHINA (HONG KONG) LIMITED қосымша кастодиан банк ретінде қосылды.
Енді халықаралық эмитенттердің акция, ETF, ADR, GDR сияқты барлық қаржы құралдары, сондай-ақ осы құралдар бойынша есеп айырысуға арналған ақша қаражаты осы кастодианда сақталады. Бұл есеп айырысу процесін оңтайландыруға, мәмілелерді орындауды жеделдетуге және халықаралық нарыққа кіру жолдарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа активтерді аудару халықаралық операциялар бойынша неғұрлым ыңғайлы әрі жедел есеп айырысуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ дивиденд төлеу, сплит пен сатып алу сияқты корпоративтік іс-әрекеттерді жасау тиімділігін арттырады.
Осыған байланысты 22 сәуір күні «BCC Invest» АҚ номиналды ұстаудағы ақша қаражатын қоса алғанда, клиенттердің халықаралық активтерін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан және «Еуразиялық банк» АҚ-тан BANK OF CHINA (HONG KONG) LIMITED* банкіне аударады.
Активтер клиенттер үшін қосымша шығынсыз аударылады.
* оған үлгілік емес нысанда брокерлік шарттар жасалған заңды тұлға клиенттер мен жеке тұлға клиенттердің активтері қосылмайды. Активтерді аударуды қалаған жағдайда, Сіз менеджеріңізге жолығуыңыз керек.
Егер сұрақтарыңыз болса, қолдау қызметіне хабарласуды өтінеміз.
BCC Invest компаниясын таңдағаныңыз үшін мың алғыс!