Корпоративтік әрекет туралы ақпаратты ашу Barrick Mining Corporation жай акциялары бойынша ақшалай дивидендтер ISIN: CA06849F1080

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/693/fe8/af1/693fe8af12124045162457.png

15.12.2025

Barrick Mining Corporation эмитенті жай акциялар бойынша ақшалай дивидендтер төлеу түріндегі корпоративтік әрекет туралы хабарлады.

Аталған корпоративтік әрекет міндетті болып табылады және бағалы қағаздар иелерінен қандай да бір нұсқаулар беруді талап етпейді. Дивидендтерді алу құқығы эмитент белгілеген тізілімді бекіту күніне (record date) акцияларға иелік еткен инвесторларға тиесілі.

Корпоративтік әрекеттің негізгі күндері:

  • Хабарландыру күні: 2025 жылғы 11 қараша
  • Ex-dividend күні: 2025 жылғы 28 қараша
  • Тізілімді бекіту күні (record date): 2025 жылғы 28 қараша
  • Төлем күні (payment date): 2025 жылғы 15 желтоқсан

Дивидендтер халықаралық депозитарлық есеп айырысу жүйесі арқылы ақшалай нысанда төленеді және төлем күні өткеннен кейін есепке алынады.

Дивидендтер түріндегі табысқа салық салу қолданыстағы заңнамаға, депозитарлық есеп қағидаларына және халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.