Moody’s BCC Invest компаниясына Ba3 деңгейінде ұзақ мерзімді рейтинг берді

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/674/964/f1e/674964f1ec5e5330210370.png

07.11.2024

Болжам – «Оң»

BCC Invest Moody’s агенттігінен Ba3 деңгейінде ұзақ мерзімді корпоративтік рейтинг алды, сондай-ақ шетел және ұлттық валютадағы контрагенттік тәуекелдің ұзақ және қысқа мерзімді рейтингтері (CRR) Ba3/Not Prime деңгейінде «Оң» болжамымен бағаланды.

Moody’s сарапшылары BCC Invest-тің кредиттік профилі қаржылық левередждің тұрақты түрде төмен деңгейімен ерекшеленетінін атап өтеді. Соңғы үш жыл ішінде компанияның материалдық активтерінің капиталға қатынасы 2-ден төмен деңгейде сақталған. Сонымен қатар, BCC Invest қаржыландырудың берік базасын және жоғары өтімділік деңгейін көрсетеді, бұл ретте түсімдер көлемі төлемдер көлемінен 1,5 еседен астам асып түседі. Бұл көрсеткіштер компанияның меншікті капиталы мен бас компанияның қаржылық қолдауы есебінен қамтамасыз етіледі.