Moody’s BCC Invest компаниясына кредиттік рейтинг берді

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/674/960/882/67496088236a5160345996.png

06.11.2024

BCC Invest Moody’s халықаралық агенттігінен корпоративтік міндеттемелер бойынша Ba3 деңгейінде ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг алды, сондай-ақ шетел және ұлттық валютадағы контрагенттік тәуекелдің ұзақ және қысқа мерзімді рейтингтері (CRR) Ba3/Not Prime деңгейінде «Оң» болжамымен бағаланды.

«BCC Invest BCC тобының кең инфрақұрылымына қол жеткізе алады, бұл оған табысты арттыру мүмкіндіктерін береді», — делінген Moody’s хабарламасында.