«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Clearstream Banking AG, Frankfurt ұйымынан NANO DIMENSION LTD эмитентіне қатысты корпоративтік іс-шара — акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (Annual General Meeting) өтетіні туралы ресми хабарлама алғанын хабарлайды.
Жиналыс 2025 жылғы 4 желтоқсанда АҚШ, Массачусетс штаты, 60 Tower Road, Waltham, MA 02541 мекенжайында өтеді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
- KPMG LLP аудиторлық компаниясын қайта бекіту және олардың сыйақысын бекіту өкілеттігін Директорлар кеңесіне беру;
- Директорларды қайта сайлау: David Stehlin, Andy Sriubas, Phillip Borenstein;
- Директорлар кеңесінің мүшелерінің сыйақысын бекіту;
- Кеңес мүшелеріне төлемдерді бекіту;
- Кеңес мүшелеріне акциялар (RSU) беру туралы шешім қабылдау;
- Тәуелсіз талаптар комитетіндегі кеңес мүшелеріне RSU беру туралы шешім қабылдау;
- Арнайы стратегиялық комитеттегі кеңес мүшелеріне RSU беру туралы шешім қабылдау;
- Бас директор David Stehlin-нің сыйақы шарттарын бекіту және тағайындау;
- Бұрынғы бас директор Ofir Baharav-тың сыйақы шарттарын бекіту және тағайындауды растау;
- 2015 жылғы Қызметкерлердің акциялар опциондары жоспарының мерзімін ұзарту;
- Жауапкершіліктен босату туралы келісімге (Indemnification Agreement) өзгерістер енгізу;
- D&O Liability Insurance сақтандыру полисі бойынша қамтуды ұлғайту.
Дауыс беру ерікті сипатта, бөлек және ішінара дауыс беруге рұқсат етіледі.
Акционерлер өздерінің дауыс беру нұсқауларын депозитарийге 2025 жылғы 28 қазанға дейін жібере алады.
Нұсқау құны есеп ұйымының тарифтеріне сәйкес қайта виставляется.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласуға болады:
📞 +7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343)