Netflix Inc акцияларының сплиті (ISIN US64110L1061)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/691/dab/580/691dab5807b70474597121.png

18.11.2025

«BCC Invest» АҚ халықаралық депозитарий Euroclear Bank SA/NV хабарламасына сәйкес Netflix Inc бағалы қағаздары бойынша корпоративтік әрекет – акциялардың сплиті туралы хабарлайды.

Депозитарий мәліметтері бойынша сплит жергілікті нарықтық тәжірибеге сай жүргізіледі. Негізгі күндер:

  • Реестрді бекіту күні: 10.11.2025
  • Төлем күні: 14.11.2025
  • Due bill күні: 17.11.2025
  • Жаңа акцияларды депозитарийге жеткізу: due bill күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні
  • Euroclear жүйесінде толық есепке алу due bill күнінен кейін екі жұмыс күнінде күтіледі.

Жаңа акциялар халықаралық депозитарийден түскеннен кейін және Орталық депозитарийде өңделген соң клиенттердің шоттарына түседі.

Сплит нәтижесінде туындаған бөлшек үлестер Euroclear ережелері бойынша бөлінеді: ең үлкен бөлшек үлесі бар клиенттерге алдымен жоғары қарай дөңгелектеу қолданылады, қалғандары төмен қарай дөңгелектенеді.