BCC Invest ПИҚ-тары соңғы бір жылда жоғары табыстылықты көрсетті

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/674/988/fa7/674988fa70138749741089.png

18.11.2024

Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу қорды басқарушылар таңдаған стратегиялық фокустың арқасында мүмкін болды.

BCC Invest компаниясының пайлық инвестициялық қорлары (ПИҚ) соңғы 12 айда рекордтық табыстылықты көрсетуде. Компанияның ПИҚ-тары екінші деңгейлі банктердегі депозиттік мөлшерлемелерден бірнеше есе жоғары нәтиже көрсетіп отыр.

Ағымдағы жылды XXI ғасырдағы АҚШ қор нарығы тарихындағы ең үздік жылдардың бірі деп атауға болады: АҚШ қор биржаларында листингтен өткен капиталдандыруы ең ірі 500 компанияның акцияларынан құралған S&P 500 индексі жыл басынан бері 20,1%-ға өсті, ал соңғы 12 айда 31%-ға артты.