PJSC NOVATEK акциялары бойынша иеленушіні ашу (Disclosure of Identity) корпоративтік оқиғасы (ISIN RU000A0DKVS5)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/694/93f/ef7/69493fef701b2178493427.png

22.12.2025

PJSC NOVATEK акцияларына қатысты иеленуші туралы ақпаратты ашу (DSCL) түріндегі корпоративтік оқиға туралы хабарланады. Бұл оқиға Ресей Федерациясының Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің (НСД) талаптарына сәйкес жүргізіледі және шетелдік номиналды ұстау арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарға қолданылады.

Оқиғаның мақсаты — бағалы қағаздардың бенефициарлық немесе заңды иесін анықтау, сондай-ақ кірістерді (дивидендтерді) алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Негізгі күндер:

  • Есепке алу күні: 2025 жылғы 6 қазан
  • Нарықтық дедлайн: 2025 жылғы 29 желтоқсан, 15:00
  • Clearstream дедлайны: 2025 жылғы 26 желтоқсан, 12:00

Инвестор үшін нұсқалар

  • Option 001 — CONY (Қатысу)

Иеленуші туралы ақпаратты ашу және қажетті құжаттарды ұсыну.

  • Option 002 — NOAC (Қатыспау)

Әдепкі нұсқа. Ақпарат ашылмайды, бұл кірістерді алу мүмкіндігін шектеуі мүмкін.