«QazaqGaz» ҰК» АҚ облигацияларын сатып алу ұсынысы (ISIN XS1682544157)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a1/42e/6e5/6a142e6e5f7fd988686076.png

22.05.2026

«BCC Invest» АҚ «QazaqGaz» ҰК» АҚ облигациялары (ISIN XS1682544157) бойынша облигацияларды сатып алу ұсынысы және облигация ұстаушылардың келісімін алу жөніндегі корпоративтік әрекет туралы хабарлайды.

Инвесторларға келесі қатысу нұсқалары ұсынылады:
• ерте қатысу мерзіміне дейін облигацияларды сатып алуға ұсынып, толық өтемақы мен есептелген купондық кірісті алу үшін келісім беру;
• ерте қатысу мерзіміне дейін келісім беріп, келісім үшін сыйақы алу;
• ерте қатысу мерзімінен кейін, бірақ дауыс беру мерзіміне дейін облигацияларды сатып алуға ұсынып, келісім беру;
• келісім берместен облигацияларды сатып алуға ұсыну;
• қарсы дауыс беру;
• қалыс қалу;
• өкіл арқылы қатысу;
• ешқандай әрекет жасамау.

Корпоративтік әрекеттің негізгі мерзімдері:
• ерте қатысу мерзімі — 2026 жылғы 11 мамырға дейін;
• дауыс беру мерзімі — 2026 жылғы 15 мамырға дейін;
• қатысудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 26 мамыр;
• ерте есеп айырысу күні — 2026 жылғы 20 мамыр;
• соңғы есеп айырысу күні — 2026 жылғы 28 мамыр.

Сатып алуға қатысқан жағдайда инвесторларға таңдалған опцияға сәйкес ақшалай төлем және есептелген купондық кіріс төленеді.

Инвестордың әрекеттері:
• қатысу нұсқаларының бірін таңдап, белгіленген мерзімде нұсқаулық ұсыну;
• немесе ешқандай әрекет жасамау.