Қазақстандағы жетекші инвестициялық компаниялардың бірі BCC Invest Қазақстандағы алғашқы еуродағы қорды іске қосты

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/699/ea3/91a/699ea391a9795907161349.png

09.02.2026

«BCC Euro» қоры былтыр желтоқсан айында тіркелді. Қор жеке және корпоративтік инвесторларға қолжетімді, Еуропаның тұрақты кіріс беретін құралдарына инвестиция жасауға мүмкіндік береді.


Қор еуропалық капитал нарығына экспозиция алғысы келетін инвесторлардың кең тобына арналған. Еуроаймақ елдері әлемнің жетекші дамыған экономикаларының қатарына кіреді. Еуропа елдерінің үлесі әлемдік ЖІӨ-нің 20%-ын құрайды. Еуропа – құбылмалы америкалық нарыққа жақсы әрі арзан балама.