«ҚазМұнайГаз» АҚ — Облигацияларды кері сатып алу бойынша оферта (ISIN XS1595714087)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/693/26d/48c/69326d48cdedf144940221.png

04.12.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ISIN XS1595714087 облигациялары бойынша ерікті кері сатып алу офертасын жариялады.
Корпоративтік әрекет түрі — Offer – Buyback (BIDS, voluntary).

1. Ерте оферта (Early Tender)

  • Нұсқа жіберудің соңғы күні: 5 желтоқсан 2025 ж., 18:00.
  • Ерте қатысқан инвесторлар көтеріңкі төлем алады (Total Consideration + жинақталған купон).
  • Төлем күні: 9 желтоқсан 2025 ж.
  • Бағасы: 956.25 USD (1000 номиналға).

2. Негізгі оферта (Regular Tender)

  • Соңғы мерзім: 19 желтоқсан 2025 ж., 18:00.
  • Төлем: 9 желтоқсан 2025 ж., есеп айырысу күні — 23 желтоқсан 2025 ж.
  • Бағасы: 926.25 USD (1000 номиналға).

3. No Action — әрекет жасалмайды

  • Инвестор офертаға қатыспайды.
  • Мерзімі: 19 желтоқсан 2025 ж., 18:00.

Қосымша:

  • Қатысу үшін ешқандай құжат талап етілмейді.
  • Депозитарий тарифтерге сәйкес комиссия ұстайды.

Инвесторлар үшін нұсқаулық:

Егер офертаға қатысу қажет болса, брокерге таңдалған опцияны көрсетіп нұсқа жіберу керек.
Шешім жіберілмеген жағдайда облигациялар сақталады (No Action).