KZ

23.12.2025
Құрметті клиенттер!
Корреспондент-банктер елдеріндегі мереке күндеріне байланысты, валюталау күні төмендегідей болатын шығыс валюталық аударымдар жүргізілмейтінін хабарлаймыз:
2025 жылғы 25 желтоқсан – АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Канада доллары (CAD), ағылшын фунт стерлингі (GBP), қытай юані (CNY);
2025 жылғы 26 желтоқсан – еуро (EUR), Канада доллары (CAD), Австралия доллары (AUD), ағылшын фунт стерлингі (GBP), қытай юані (CNY).
Сондай-ақ хабарлаймыз:
2025 жылғы 25 желтоқсан – АҚШ биржаларына және халықаралық биржадан тыс нарықтарға тапсырмалар қабылданбайды;
2025 жылғы 25-26 желтоқсан – Лондон биржасына тапсырмалар қабылданбайды;
2026 жылғы 1-2 қаңтар – барлық халықаралық нарықтарға тапсырмалар қабылданбайды.
2025 жылғы 31 Желтоқсанда SWIFT жүйесі бойынша сыртқы жөнелту үшін валютадағы Шығыс төлемдер Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге дейін төменде көрсетілген валюталарда ғана қабылданатын болады:
• АҚШ доллары (USD);
• еуро (EUR);
• ағылшын фунт стерлингі (GBP);
• Канада доллары (CAD).
Валюта айырбастау да Астана уақытымен сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі.
2025 жылғы 31 желтоқсан мен 2026 жылғы 11 қаңтар аралығында SWIFT бойынша жөнелту үшін Ресей рублімен (RUB) төлемдер қабылданбайды.
The Bank of New York Mellon-де ашылған шоттар бойынша қаржы құралдарын есепке алу/есептен шығару туралы бұйрықтар мына режимде қабылданады:
• 2025ж. 29 желтоқсан – Т0, Т+1, Т+2 есеп айырысу режимімен;
• 2025ж. 30 желтоқсан – Т0, Т+1 есеп айырысу режимімен;
• 2025ж. 31 желтоқсан – ішкі нарықта ғана есеп айырысу.
31 Желтоқсанда орталық банкті жергілікті нарықтарға (KASE, AIX) және барлық халықаралық нарықтарға сатып алуға және сатуға бұйрықтар сағат 13:00-ге дейін қабылданады.
Операцияларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.
Түсіністік танытқаныңызға рақмет!