SHS ALTYN PLC – Акция иеленушілер туралы ақпаратты ашу (GB00BMH19X50)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/690/09f/1f5/69009f1f52eb3944490735.png

28.10.2025

Хабарлаймыз, Ұлыбританияның 2006 жылғы Компаниялар туралы Заңының 793-бөліміне сәйкес SHS ALTYN PLC эмитенті өз акция иеленушілері туралы ақпаратты ашу туралы ресми сұрау жолдады.

Эмитент атынан әрекет ететін Neville Registrars тіркеушісі бұл талапты депозитарий Clearstream Banking Luxembourg ұйымына жеткізді.

Осы корпоративтік іс-шара аясында депозитарий эмитентке немесе оның уәкілетті өкіліне акция иеленушілер мен олардың иелігіндегі акция саны туралы мәліметтерді ұсына алады.

Бұл хабарлама ақпараттық сипатта болып табылады және инвесторлар тарапынан ешқандай әрекет жасауды талап етпейді.