SPDR S&P 500 ETF Trust бойынша бұрын жарияланған корпоративтік әрекеттерге өзгерістер (ISIN US78462F1030)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/697/853/d12/697853d126012587459836.png

26.01.2026

SPDR S&P 500 ETF Trust бағалы қағаздары бойынша бұрын жарияланған корпоративтік әрекеттерге өзгерістер енгізілгені туралы хабарланады.

Депозитарийден алынған ақпаратқа сәйкес, өзгерістер эмитенттің атауына қатысты. Бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі (ISIN) өзгермейді.

Эмитенттің жаңа атауы: State Street SPDR S&P 500 ETF Trust.
Жаңа атаумен сауда-саттық 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

Корпоративтік оқиға міндетті болып табылады.
Инвестор тарапынан қосымша әрекеттер талап етілмейді.