SUNRUN INC (US86771W1053) бойынша корпоративтік әрекет туралы хабарлама

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/692/588/b3d/692588b3d3468543285311.png

25.11.2025

Оқиға түрі: Ерікті корпоративтік әрекет (Other Event)
Дереккөзі: Euroclear / BNY Mellon
ISIN: US86771W1053
Нұсқаулық жіберу дедлайны:
2025 ж. 27 қараша, Нью-Йорк уақытымен 08:00 (EST)
(Брокердің ішкі мерзімі ертерек болуы мүмкін.)


1. Корпоративтік әрекеттің мәні

Euroclear SUNRUN INC акциялары Euroclear жүйесінде сақтауға жарамсыз екенін хабарлады.
Позицияны әрі қарай сақтау мүмкін емес. Клиенттер қағаздарды АҚШ-тың жергілікті нарығына (DTCC) шығару тәсілін таңдауы тиіс.

Инвестор нұсқаулық бермеген жағдайда, Euroclear позицияны мәжбүрлі түрде алып тастауға құқылы. Бұл үшін елеулі айыппұлдар салынады.


2. Инвесторға қолжетімді нұсқалар

Нұсқа 1 — Ұсынысты қабылдау және қағаздарды АҚШ-қа шығару

(Accept the security offer)
Бағалы қағаздар Euroclear жүйесінен АҚШ депозитарийі DTCC-ке көшіріледі.

Клиент ұсынуы тиіс:
• DTC Participant Number
• Account Number
• Брокер-қабылдаушының атауы және мекенжайы

Тәуекелдер: дұрыс емес реквизиттер аударымның бас тартылуына немесе кешеуілдеуіне әкелуі мүмкін.


Нұсқа 2 — Ешқандай әрекет жасамау (әдепкі опция)

(Take no action)
Euroclear қағаздарды жарамсыз деп есептеуді жалғастырады.

Euroclear қағаздарды 3 айдан кейін мәжбүрлі түрде сату немесе есептен шығару құқығына ие.

Euroclear айыппұлдары:
• €100 — әрекет жарамдылық мерзімі ішінде жасалса;
• €1 500 — дедлайн өткеннен кейін шығару орындалмаса.

Нұсқаулық болмаған жағдайда — позицияны толық жоғалту тәуекелі бар.


3. Мерзімдер және блокировкалар

• Нұсқаулық беру мерзімі: 2025 ж. 27 қараша, 08:00 EST
• Нұсқаулық жіберілгеннен кейін қағаздар операция аяқталғанға дейін блокталуы мүмкін
• Дедлайннан кейін жіберілген нұсқаулықтар қабылданбауы немесе best effort тәртібімен өңделуі мүмкін


4. Инвестор не істеуі керек

Позицияны сақтап қалу үшін инвестор:

  1. Опцияны таңдауы қажет:
    • «Ұсынысты қабылдау және қағаздарды шығару»
    немесе
    • «Өзгеріссіз қалдыру (Take no action)»
  2. Егер шығару таңдалса — келесі реквизиттерді ұсынуы керек:
    • DTC Participant Number
    • Account Number
    • Брокер-қабылдаушының атауы және мекенжайы
  3. Берілген реквизиттердің дұрыстығына көз жеткізу қажет.

5. Тәуекелдер және маңызды ақпарат

• Бағалы қағаздарды Euroclear жүйесінде қалдыруға болмайды — олар шығарылуы тиіс немесе мәжбүрлі түрде есептен шығарылады.
• Нұсқаулық берілмеген жағдайда:
✓ €1500-ге дейін айыппұлдар;
✓ Позицияны қайта қалпына келтіруге болмайтын жағдайлар;
✓ Ұзақ кешігулер және қосымша комиссиялар туындауы мүмкін.

 Қағазға қатысты санкциялық шектеулер жоқ.