TOTAL S.A. (ISIN US89151E1091) бойынша айырбастау ұсынысы

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/692/92e/f4d/69292ef4d2df2793627781.png

27.11.2025

Қазақстанның Орталық депозитарийі Clearstream Banking AG, Frankfurt тарапынан келіп түскен «Айырбастау ұсынысы» (Exchange Offer) корпоративтік оқиғасы туралы хабарламаларды жеткізді. Оқиға TOTAL S.A. / TotalEnergies ADR бағалы қағаздарына қатысты, ISIN US89151E1091.

Кастодиан ұсынған мәліметке сәйкес (№30895380, 6-бет):
Айырбастау нәтижесінде алынатын жаңа ISIN — FR0000120271.

Оқиғаның мәні

Бұл — міндетті қайта ұйымдастыру (EXOF / REOR). ADR депозитарлық распискілері TotalEnergies акцияларына ауыстырылады.
Инвестор таңдауы жоқ (CAMV//MAND).

Негізгі параметрлер

  • ADR: US89151E1091 (1 ADR = 1 акция)
  • Жаңа бағалы қағаз: FR0000120271
  • Күтілетін күшіне ену күні: 08.12.2025
  • Record Date: нақты белгіленбеген (RDTE = UKWN)
  • Төлем/аллокция күні: UKWN

Инвестор не істеуі керек

Ешқандай әрекет қажет емес.
Айырбастау депозитарий жүйелері арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Өңдеу аяқталғаннан кейін инвесторлар шоттарында жаңа ISIN FR0000120271 бойынша акцияларды көреді.