Брокерлік қызметті жүзеге асыру регламентіндегі және брокерлік қызмет көрсетудің үлгілік шарттарындағы өзгерістер туралы хабарлама

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/67e/e3c/3e3/67ee3c3e32a22150034631.png

03-04-2025

Құрметті клиенттер!


Осы арқылы «BCC Invest» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2025 жылғы 18 сәуірден бастап Жеке және заңды тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету және номиналды ұстау бойынша қызмет көрсету туралы шарттың және Брокерлік қызметті жүзеге асыру регламентінің үлгілік нысандарының жаңа редакциясы күшіне енетінін хабарлайды.


Негiзгi өзгерiстер Қоғамның валюталық лицензиясын пайдалануға енгiзуге және валюта нарығында қызмет көрсету шоғырын кеңейтуге байланысты.


Жаңартылған құжаттар қолданыстағы заңнаманың аясында шетел валютасымен операцияларды қоса алғанда, брокерлік қызмет көрсету тәртібін реттейді.


Құжаттардың жаңа редакциясымен біздің сайтымызда танысуды сұраймыз.


Осындай қызметтерді көрсету тарифтерімен Тарифтер → Басқа қызметтер бөлімінде таныса аласыздар.


Сенім білдіргендеріңізге рақмет!