KZ

06.03.2026
Құрметті клиенттер!
Сіздерге «BCC Invest» АҚ Директорлар кеңесі бекітіп, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келіскен және Басқарушы компанияның интернет-ресурсында 04.03.2026 жылы жарияланған «Wardat al Hayat» интервалдық инвестициялық пай қорының (бұдан әрі – «Wardat al Hayat» қоры) Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 2026 жылғы 06 сәуірден бастап күшіне енетінін хабарлаймыз.
Ереженің енгізілген өзгерістер ескерілгендегі редакциясымен салынған файлды жүктеп алып, таныса аласыздар.
«Wardat al Hayat» қоры – Қазақстандағы исламдық қаржыландыру нормалары бойынша белсенді түрде басқарылатын жалғыз инвестициялық қор.
26.02.2026 жылғы жағдай бойынша «Wardat al Hayat» қорының кірістілігі қорды іске қосқаннан кейінгі жылдың қорытындысы бойынша жылдық 3,91%-ды құрады.
Қор Ережесіне енгізілген негізгі өзгерістер:
- номиналды пай құны 100 АҚШ долларынан 1 АҚШ долларына дейін қайта номиналданды, соның нәтижесінде бұрын сатып алынған қордың 1 пайы қордың 100 пайына тең болды;
- Қордың Инвестициялық декларациясы құралдарды исламдық қаржыландыру нормаларына сәйкес қордың құрамына сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына қойылатын неғұрлым қатаң талаптар бөлігінде өзектендірілді;
- басқарушы компанияның электрондық арналары арқылы қордың пайын сатып алуға мүмкіндік берілді.
Бұл өзгерістер өнімге кіру үшін кедергілерді азайтуға және барлық ниет білдіруші үшін шариғат нормалары бойынша инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Кез келген сұрақпен amalykh@bcc-invest.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Инвестициялық пай қорларына инвестициялаған кездегі тәуекелдер туралы ақпарат
«BCC Invest» АҚ олар туралы ақпарат беретін инвестициялық пай қорларының пайымен операция жүргізбес бұрын осындай ақпаратты алушылар осы қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен, инвестициялық декларациямен және инвестициялық пай қорының ережесімен танысуға тиіс. Паймен операция жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде, қаржы құралдарына инвестициялау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін, тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыс пен шығын тәуекелін көтеретінін ескеру қажет.
- Пай құны көтерілуі немесе түсуі мүмкін.
- Бұрынғы инвестициялау нәтижесі болашақта түсетін кірісті айқындамайды.
- Мемлекет инвестициялық қорларға жасалған инвестицияның кіріс әкелетініне кепілдік бермейді.
Қордың мемлекеттік тіркелген күні: 31.07.2024ж.
ISIN: KZPF00000900
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берген 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензиясы.