WARNER BROS DISCOVERY INC акцияларын сатып алу ұсынысы (ISIN US9344231041)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/693/f94/2eb/693f942eb34c8964871161.png

12.12.2025

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі Warner Bros Discovery Inc акцияларына қатысты «Сатып алу ұсынысы» корпоративтік әрекеті бойынша Euroclear Bank SA/NV және Clearstream Banking AG халықаралық есеп айырысу жүйелерінен хабарламалар алынғанын хабарлады.
Ұсыныстың бастамашысы — Paramount Skydance Corporation компаниясының еншілес ұйымы болып табылатын Prince Sub Inc. Ұсыныс Warner Bros Discovery Inc компаниясына бақылау алу және кейіннен ықтимал бірігу мақсатында жүзеге асырылуда.

Инвесторлар үшін келесі нұсқалар қарастырылған:
– акцияларды ақшалай төлеммен сату арқылы сатып алуға қатысу;
– сатып алуға қатыспау және акцияларды өз иелігінде қалдыру.

Сатып алу бағасы бір акция үшін 30 АҚШ доллары.
Ұсыныстың қолданылу мерзімі шектеулі. Нақты соңғы мерзім есеп айырысу жүйесіне және есептік ұйымның ішкі талаптарына байланысты.

Егер инвестор нұсқау жібермесе, әдепкі бойынша «Қатыспау» нұсқасы қолданылады.
Нұсқау берген жағдайда Орталық депозитарий шығындарын өтеу үшін тарифтерге сәйкес комиссия алынуы мүмкін.