Warner Bros. Discovery Inc. акцияларын сатып алу ұсынысы (ISIN US9344231041)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/696/e16/03c/696e1603c9439272524750.png

16.01.2026

Warner Bros. Discovery Inc. эмитентінің акцияларын ерікті түрде сатып алу ұсынысы түріндегі корпоративтік оқиғаның жүргізілетіні туралы хабарланады.

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі осы корпоративтік оқиғаға қатысты Euroclear Bank SA/NV және The Bank of New York (BNY) тарапынан тиісті SWIFT-хабарламаларды алды.

Инвесторларға таңдау құқығы беріледі:

  • акцияларды сатып алу ұсынысына қатысу үшін нұсқау беру, немесе
  • ешқандай әрекет жасамау, бұл жағдайда бағалы қағаздар шотта сақталады.

Сатып алу ұсынысына қатысу үшін белгіленген мерзімде қатысу туралы нұсқау (tender instruction) жіберу қажет.
Нұсқауларды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 21 қаңтар.

Нұсқауды өңдеу құны Орталық депозитарийдің шығындарын өтеу үшін есептік ұйымның тарифтеріне сәйкес қайта ұсынылатынын ескертеміз.

Ұсыныстың барлық шарттары, нұсқауларды қайтарып алу тәртібі және өзге де маңызды талаптар ресми құжаттар мен SWIFT-хабарламаларда көрсетілген.