WARNER BROS DISCOVERY INC акциялары бойынша оферта (ISIN US9344231041)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/693/be9/e2e/693be9e2ebc9e067617146.png

11.12.2025

Құрметті клиент,
Сізге Paramount Skydance Corporation бастамасымен Warner Bros Discovery Inc компаниясының акцияларын кері сатып алу туралы ұсыныс алынғаны жөнінде хабарлаймыз.

Офертаның негізгі шарттары
Сатып алу бағасы: бір акция үшін 30 АҚШ доллары
Офертаның қолданылу мерзімі: 2026 жылғы 08 қаңтар, Нью-Йорк уақытымен 17:00
Оқиғаның сипаты: ерікті қатысу (Tender Offer)

Сізге қолжетімді нұсқалар

  1. Выкупқа қатысу (Option 001)
    Сіз акцияларыңызды бір акция үшін 30 АҚШ доллары бағамен сатуға келісесіз.
    Өкімде выкупқа ұсынатын акциялар санын көрсету қажет.
  2. Қатыспау (Option 002)
    Акцияларыңызды өзіңізде қалдырасыз.
    Егер өкім берілмесе, бұл нұсқа әдепкі бойынша қолданылады.

Сізден талап етілетін әрекеттер
Қатысуды немесе бас тартуды растау үшін АО «BCC Invest» компаниясына ішкі мерзімге дейін өкім жолдауыңызды сұраймыз (нақты күн мен уақытты менеджер хабарлайды).
Бұрын берілген өкімдерді оферта мерзімі аяқталғанға дейін қайтарып алуға болады.

Қосымша ақпарат
Қатысу кезінде салықтық ұсталымдар қолданылуы мүмкін.
Өкімді өңдеу үшін депозитарий мен брокер тарифтеріне сәйкес комиссия ұсталады.
Офертаның толық шарттары эмитенттің «Offer to Purchase» құжаттарында көрсетілген.