WARNER BROS. DISCOVERY INC. акциялары бойынша «Қосылу» корпоративтік оқиғасының кері қайтарылуы (ISIN US9344231041)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/69a/fe0/10c/69afe010cb873302794497.png

06.03.2026

«BCC Invest» АҚ WARNER BROS. DISCOVERY INC. (ISIN US9344231041) бағалы қағаздары бойынша корпоративтік оқиға туралы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-нан хабарлама алғанын хабарлайды.

Бұған дейін депозитарлық жүйе арқылы «Қосылу» (Merger) түріндегі корпоративтік оқиға жарияланған болатын. Алайда EUROCLEAR BANK SA/NV арқылы алынған SWIFT хабарламасына сәйкес аталған корпоративтік оқиға депозитарийдің шешімімен кері қайтарылды және орындалмайды.

Осыған байланысты:

  • осы корпоративтік оқиға бойынша жоспарланған барлық операциялар мен есеп айырысулар жойылады;
  • бұрынғы ISIN бойынша кейбір операциялар депозитарлық жүйе тарапынан тоқтатылуы мүмкін;
  • бағалы қағаздар бойынша дебеттік және кредиттік жазбалар нақты уақыттағы позициялар негізінде өңделеді.

Корпоративтік оқиға кері қайтарылған жағдайда инвесторлардың бағалы қағаздарға қатысты құқықтары өзгеріссіз қалады және бұрын жарияланған қосылу шарттары қолданылмайды.

 Инвесторлар тарапынан әрекеттер:

инвесторлар тарапынан ешқандай әрекеттер талап етілмейді.