WARNER BROS DISCOVERY INC акцияларын сатып алу ұсынысы (ISIN US9344231041)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/69a/81e/5c9/69a81e5c9dfd7743641584.png

03.03.2026

WARNER BROS DISCOVERY INC акцияларын ерікті түрде сатып алу жөніндегі корпоративтік оқиға туралы хабарлаймыз.

Орталық депозитарийдің EUROCLEAR BANK SA NV ұйымынан алынған хабарламасына сәйкес, акционерлерге эмитенттің жай акцияларын сатып алу ұсынысына қатысу мүмкіндігі берілген. Ұсыныс қайта ұйымдастыру процесі аясында жүзеге асырылады.

Қатысу нысаны: ақшалай өтемақы.
Сатып алу бағасы: бір акция үшін 30 USD.
Нұсқауларды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 2 наурыз.
Нұсқау ұсынылмаған жағдайда әдепкі нұсқа қолданылады — ұсынысқа қатыспау.

Инвестордың әрекеттері:
Инвестор белгіленген мерзімде брокер арқылы сатып алу ұсынысына қатысу туралы нұсқау беруі тиіс. Қатысқан жағдайда тиісті акциялар есеп айырысу аяқталғанға дейін бұғатталады. Нұсқау берілмеген жағдайда қатысу жүзеге асырылмайды.