KazMunayGas облигациялары бойынша оферта (ISIN XS1807299331)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/693/fe2/101/693fe21017d24020946215.png

12.12.2025

«BCC Invest» АҚ халықаралық депозитарий Clearstream-нен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы облигацияларын сатып алу жөнінде офертаның (қайта сатып алу ұсынысының) жүргізілетіні туралы хабарлама алынғанын хабарлайды.

Оқиғаның мәні
Эмитент облигация ұстаушыларына оларды ақшалай қаражатқа ерікті түрде қайта сатып алуға ұсынуды көздейді (Tender Offer).

Оферта екі кезеңде жүргізіледі:

  • Ерте өтінім қабылдау кезеңі (Early Tender)
    Белгіленген ерте мерзімге дейін берілген нұсқаулар басымдық тәртібімен қаралады.
  • Негізгі өтінім қабылдау кезеңі (Regular Tender)
    Ерте кезеңнен кейін берілген өтінімдер ең жоғары сатып алу көлемінің қалдығы болған жағдайда ғана қабылданады.

Негізгі күндер
Early Tender Deadline: 2025 жылғы 05 желтоқсан
Early Settlement Date: 2025 жылғы 09 желтоқсан
Негізгі өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 19 желтоқсан
Settlement Date: 2025 жылғы 23 желтоқсан

Сатып алу шарттары
Сатып алу ақшалай қаражатпен жүзеге асырылады.
Сатып алу бағасы номиналдың 98,875%-ын құрайды.
Есептелген сыйақы (accrued interest) пропорционалды түрде төленеді.
Proration factor 72,3608% қолданылады, яғни ұсынылған облигациялар көлемі шектен асқан жағдайда олардың бір бөлігі ғана сатып алынады.
Нұсқау берілгеннен кейін облигациялар есеп айырысу аяқталғанға дейін бұғатталады.

Инвестор үшін опциялар

  • Опция 001 — Қатысу (Tender for Cash)
    Инвестор сатып алуға ұсынылатын облигациялардың номиналдық көлемін көрсете отырып, нұсқау береді.
  • Опция 002 — Негізгі кезеңде қатысу (Tender for Cash)
    Опция 001-ге ұқсас, бірақ ерте мерзімнен кейін берілген нұсқауларға қолданылады.
  • Опция 003 — Қатыспау (NO ACTION)
    Инвестор нұсқау бермейді, облигациялар шотта қалады. Бұл әдепкі опция болып табылады.