«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ облигациялары бойынша сатып алу жөніндегі оферта (ISIN XS1807299331)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/694/b6a/1a0/694b6a1a05ab3410546214.png

22.12.2025

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ облигацияларын қолма-қол ақшаға сатып алу бойынша ерікті корпоративтік оқиға — оферта жарияланды. Эмитент облигация ұстаушыларға бағалы қағаздарды кері сатып алуға ұсынуда.

Оферта екі кезеңнен тұрады:

  • Ерте кезең (Early Tender) — осы кезеңде берілген өтінімдер басымдықпен қабылданады.
  • Негізгі кезең (Final Tender) — ерте кезең аяқталғаннан кейін берілетін өтінімдер.

Сатып алу лимиті асқан жағдайда облигациялар пропорционалды түрде қысқартылады (proration).

Офертаға қатысу ерікті. Нұсқау берілмеген жағдайда облигациялар инвестордың шотында қалады.

Инвестор үшін опциялар:

  • Option 001 — Ерте кезеңде офертаға қатысу
  • Option 002 — Негізгі кезеңде офертаға қатысу
  • Option 003 / No Action — Қатыспау

Инвестор не істеуі керек:

Офертаға қатысу үшін брокерге тиісті нұсқау беріп, опцияны және облигациялар санын көрсету қажет. Ұсынылған облигациялар есеп айырысу аяқталғанға дейін бұғатталады. Нұсқаулар оферта шарттарына сәйкес кері қайтарылуы мүмкін.

Маңызды күндер:

  • Ерте кезең (Early Tender) — 2025 жылғы 05 желтоқсанға дейін
  • Негізгі кезең (Final Tender) — 2025 жылғы 19 желтоқсанға дейін
  • Ерте кезең бойынша есеп айырысу күні — 2025 жылғы 09 желтоқсан
  • Қорытынды есеп айырысу күні — 2025 жылғы 23 желтоқсан