Сіздерге Білікті инвесторларға ғана қолжетімді қаржы құралдарының тізбесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/678/a2b/459/678a2b459f8a8082229131.png

17-01-2025

Құрметті клиенттер,


Сіздерге Білікті инвесторларға ғана қолжетімді қаржы құралдарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.


17.01.2025 жылдан бастап төменде көрсетілген қаржы құралдарын білікті инвесторларға ғана сатып ала алады:


1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын, қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізімдеріне енгізілмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;

2) тәуекелді инвестициялау инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;

3) туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;

4) жеке орналастыруға жататын облигациялар;

5) өтеу мерзімі жоқ облигациялар;

6) инвестициялық облигациялар;

7) шығару шарттарында қаржы құралдары тек білікті инвесторларға арналған және (немесе) бөлшек инвесторларға арналмаған деп көзделген қаржы құралдары.


Егер Сіздің білікті инвестор мәртебеңіз болмаса, осы құралдарға қол жеткізу шектеледі.

Өзгерістер сіздің инвестициялық стратегияңызға әсер етуі мүмкін. Жаңартылған құралдар тізімімен танысуды ұсынамыз.

Білікті инвестор мәртебесін алу қажет болған кезде, біз Сізге осы мәртебені алу талаптары мен рәсімдеріне қатысты кеңес беруге дайынбыз.


Сұрақтарыңыз болса, сіз менеджерге немесе 303 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласа аласыз.